«Барыс-Жастың» бас бапкері Сергей Старыгин өткен маусымды қорытындылады.
- Бізде плей-оффқа өту деген міндет тұрды, біз оны орындадық. Төртінші орынмен аяқтадық. Маусым бойы бірқалыпты ойнадық, бірінші төрттікте болдық. Біз – Лиганың ең жас командасымыз, 2005 жылы туған жігіттер. Сондықтан бұл оң нәтиже деп санаймын.
- Жігіттерден кімдерді атай аласыз?
- Қазір ешкімді бөліп-жарғым келмейді. Әрине кейбірі тәжірибе қосты, кейбірі қателіктер жіберді. Олардың жасында бұл – қалыпты жайт. Бізде сәтсіз матчтар да болды, барлығы бірдей мықты ойнаған жоқ. Біз салынған голдар бойынша үздіктер үштігіндеміз, алайда шайбаны да көп өткіздік. Алайда бұл жасөспірімдер хоккейі болғандықтан ештеңе істей алмайсың. Біздің жігіттер бомбардирлер бойынша да үздіктер қатарында, бұл да көп нәрсені байқатады.
- Өткен маусымда қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?
- Маусым барысында ұдайы қандай да бір қиындықтарға тап болып, оларды шешумен айналысасың. Қазір қорытынды жасап, келесі маусымға дайындалу керек.
- Алдағы уақытқа қандай жоспар бар?
- Барлығы әдеттегідей, жаттығулар жоспарына сәйкес. Жердегі, мұздағы дайындық, бәлкім жолдастық ойындар өткізерміз. Оның үстіне жігіттер әлем чемпионатына жасөспірімдер құрамасына үміткер ретінде дайындалатын болады. Бір сөзбен айтқанда, істейтін жұмыс жеткілікті.