Юргис Дубинскас: «Кейбір ойындарда қиындықтар болды, алайда жігіттер көмектесті»

1 sáýir
1753

Jastar Ligasy үздік қақпашысы, «барыстық» Юргис Дубинскас чемпиондық маусым аяқталғаннан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Маусым сен үшін қалай басталды? Өз алдыңа қандай мақсаттар қойдың?

- Маусым жаман басталған жоқ, жаттығулар көп болды, ойындарға дайындалдық. Тұрақты чемпионатта бірінші орын алып, плей-оффты жеңу керек болды.

- Аяқталған маусымдағы ойынға қандай баға бересің?

- Кейбір ойындарда қиындықтар болды, алайда жігіттер көмектесті, тартысып, ойын қызуын сезіндірді. Әр матч сайын жолымыз бола берді.

- Қай матчты ерекше атай аласың?

- Кездесулерге қатысты айтсам, олар тартысты өтті. Алайда маусымдағы ең соңғының алдындағы «Ястребы» командасымен ойын мен үшін қақпашы ретінде жоғары деңгейде өтті және әрі қарайғы матчтарға серпін берді.

- Сен чемпионаттың үздік қақпашысы атандың, қандай әсердесің?

- Әрине, үздік қақпашы атанамын деп ойлаған жоқпын, алайда барлық ұмтылыстарымның зая кетпегеніне қуаныштымын. Мұндай нәтижеге мен жаттығулардың және бастысы команданың, бапкерлер мен туыстарымның қолдауының арқасында қол жеткіздім. Осы үшін алғыс айтамын!