Андрей Шевченко: «Бірінші командаға арнап хоккейшілерді даярлауға тырысамыз, ұстанымымыз осындай»

4 sáýir
1589

«Горняк» жастар командасының бас бапкері Андрей Шевченко маусым аяқталғаннан кейін өз әсерімен бөлісті.

- 11-орын... Егер екі маусымды салыстырсақ, биылғыда жақсырақ ойнадық. Өз алаңымызда жеңістер көбірек болды. Өз шәкірттеріміз ойнайды, команданың 95 пайызын жергілікті жігіттер құрайды. Бірінші командаға арнап хоккейшілерді даярлауға тырысамыз, ұстанымымыз осындай. Сондықтан қазіргі таңдағы орнымыз осы.

- Команда маусым бойы үш бестікпен ойнады. Жігіттер мен бапкерлер штабына қаншалықты қиын болды?

- Маусым барысында түрлі сәттер болады: жарақат, ауру, кейбір жігіттерге үлкен салмақ түсті. Кейде екі орталық шабуылшымен ойнауға көшеміз. Алайда үш құраммен ойнау, егер олар бірқалыпты ойнаса, жастар Лигасы үшін жеткілікті деп санаймын. Көптеген командаларда төртінші құрамдар аз ойнайды, мұзда төрт-бес минуттан өткізеді. Әрине, егер командада өсіп келе жатқан жастар, мысалы, 2005 жылы туылғандар болса, бұл өнімді жұмыс. Жігіттерді біртіндеп құрамға дайындайды. Алайда қазіргі таңда бізде команданың негізін 2003-2004 жылы туылғандар құрайды.

- Мұндай деңгейде алғаш рет ойнаған жергілікті шәкірттер өздерін қалай көрсетті?

- Бірінші маусым үшін жігіттер өздерін жаман көрсеткен жоқ. Владислав Лопухов екінші маусым ойнады, алайда бұрын оған осыншалықты мүмкіндік берілген жоқ. Сондықтан биылғы маусымда олар бәйгеге қойып кетті де, жақсы өнер көрсетті. Жігіттерге ешқандай әңгіме жоқ.

- Сіздіңше жас жігіттерден келесі маусымдағы «Горняктың» негізгі командасының жиындарына кімді қосуы мүмкін?

- Біз спортшыларға қатысты Сергей Невструевпен сөйлескен болатынбыз. Ол төртеуінің аты-жөнін атады, әзірге жария етпей-ақ қояйын, оны Сергей Викторович маусым алдында өзі жасайды. Барлығы дайындала берсін. Әрбіріне мүмкіндік беріледі, ал әрі қарай өздерін қалай көрсететіне байланысты.

- «Горняк» клубындағы хоккей вертикалі тиімді әрі нәтиже береді деуге бола ма?

- Қазіргі таңда бұл вертикаль бар. Қазір біз «үшінші» және «төртінші» жылды негізгі командаға дайындап қойдық. Әрі қарай біздің балалар мектебі шәкірттерді жастар Лигасына дайындауы тиіс. Содан кейін біз оларды қайтадан кәсіби деңгейге дайындаймыз.