Қазақстан жастар чемпионатындағы аяқталған маусымды қорытындылаймыз.
2021/22 жылғы маусымда «Горняк» жергілікті ойыншыларды тәрбиелеу тәжірибесін ұстануын жалғастырды.
Тұрақты чемпионат
Тұрақты чемпионатта рудныйлық ұжым он рет жеңіске жетіп, 28 ұпай жинады. Бұл турнир кестесіне тек 11-орын алып, плей-оффтан 34 балл артқа қалуына әкеп соқты. Команда нәтижелілік бойынша төменнен санағанда екінші болып, жүз шайбалық межені әрең асырды.
Көшбасшылар
Маусымның қорытындысы бойынша «Горняктың» үздік бомбардирі Роберт Алиев болды. Шабуылшының есебінде 32 (19+13) балл бар. Алиевтен бөлек, 30 ұпайға Дмитрий Пархоменко (12 шайба және 18 пас берді) қол жеткізді.
Қақпашы
Илья Лигай Jastar Ligasy-ның биылғы маусымында 32 матч өткізіп, 8 жеңіске жетті. Ол 150 минуттан астам ойнап, әр ойында орта есеппен 5,3 шайба өткізді, соққылардың 85,64%-ына тойтарыс берді. Айтып өтетін жайт, Қазақстан ересектер чемпионатының плей-офф кезінде Иьяны «Ақтөбе» командасы жалға алды.
Қорытынды
Рудныйлықтардың тәлімгері Андрей Шевченко айтқандай, команда өз шәкірттерін тәрбиелеу деген ұстанымынан айнымайды. Алдағы жазда-ақ бірнеше адам бірінші командамен жиынға қатысуға мүмкіндік алып, жаңа маусымда негізгі «Горняктағы» лимитшілер орнын басуы бек мүмкін. Жастар командасы БЖСМ-лар есебінен толығып, Jastar Ligasy плей-оффына шығу үшін таласуға тырысады.