Қазақстан жастар чемпионатындағы аяқталған маусымды қорытындылаймыз.
Кубоктік раундқа кірмеген тағы бір команда – «Арлан» академиясы.
Тұрақты чемпионат
Көкшетаулық хоккейшілер маусымның басында сегіз жекпе-жектің жетеуінде жеңіліске ұшырап, одан кейін оңала алмады. «Арлан» командасы тұрақты чемпионаттағы матчтардың жалпы санының төрттен бірінде ғана жеңіске жетті. Мұндай көрсеткіштермен жас «көкжалдар» жаңа жылдан кейін плей-офф үшін тартыстан шығып қалды. 2021/22 маусымында «Арлан» академиясы тек қана 32 балл жинап, чемпионатты турнир кестесінде 10-орынмен аяқтады.
Көшбасшылар
«Арланның» маусымдағы үздік бомбардирі Данила Жмаев болды. Форвард небәрі 34 матчқа қатысты, алайда 58 (24+34) ұпай жинап үлгерді, бұл Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының тізімінде 15-орын. 20 шайбалық межеден асқан Максим Кардаков та өзін жақсы көрсетті (43 балл, 22+21).
Қақпашы
Джохар Дударкиев өткен маусымда 35 матч барысында мұзда 2000 минутқа жуық өткізді. Ол орта есеппен әрбір ойында 5,6 шайба өткізді, бұл ретте қақпаға бағытталған соққылардың 85,2%-ына тойтарыс берді. Дударкиевпен бірге команда 7 рет жеңіске жетті.
Қорытынды
Маусымның көп бөлігін «Арлан» айтарлықтай қысқарған құрамда ойнады және ұжым алтыншы орын алған өткен маусымдағы жетістігін қайталай алмады. Кейбір көшбасшылар Jastar Ligasy-нда кемінде тағы бір маусым өткізіп, өзінің ойын деңгейін жақсарта алатыны түсінікті. Алайда олардың қатарына тұтас маусым бойы әзірге біркелкі ойнай алмайтын жергілікті тәрбиеленушілер де қосылуы тиіс.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar