Қазақстан жастар чемпионатының аяқталған маусымын қорытындылаймыз.
«Құлагердің» плей-оффқа өтуіне сегіз балл жетпей қалды.
Тұрақты чемпионат
Петропавлдықтар қыркүйекте 8 матчтың 5-еуін жеңіп, чемпионатты жаман бастамады. Алайда қазанның соңына қарай команда құлдырай бастады. Нәтижесінде, қатарынан 9 рет жеңіліске ұшырап, бас бапкері ауысты. Сондай-ақ «Құлагердің» турнирдегі орны да елеулі әлсіреді. Ильгиз Нуриев келісімен жағдай түзеле бастады, тіпті соңына дейін теріскейлік ұжым кубоктік сегіздіктен үмітті болды. Дегенмен жаңа тәлімгердің өзі айтқандай, шешуші матчтарға ойыншыларының күші қалмады.
Үздіктер
«Құлагердің» үздік бомбардирі – Андрей Фролов. Ол маусым ішінде командасынан 50 балға (22+28) жеткен жалғыз ойыншы. Петропавлдықтардың үздік сұр мергені атанған Валерий Хальзев өзін жаман көрсеткен жоқ (49 ұпай, 26+23).
Қақпашылар
Қақпашылар арасынан ойын уақыты бойынша Александр Коваль көш бастады, оның қоржынында 1500 минутқа жуық уақыт пен 27 кездесудегі 10 жеңіс бар. Ол орта есеппен әр матчта 4,4 өткізіп, соққылардың 88,8%-ына тойтарыс берді. Сергей Остовский 17 жекпе жектің 9-ын жеңді, орта есеппен 4,1 шайбадан сәл кем өткізді.
Қорытынды
18 жеңіс, 55 ұпай және өкінішке толы тоғызыншы орын. Ильгиз Нуриевтің айтуынша, жаңа маусымға дайындық басталып кетті. Бапкерлер штабы құрамды жаңартуды, оның ішінде 2006 жылы туылған жергілікті шәкірттерді қосуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, «Құлагерде» тартымды ойыншылар жеткілікті, тек ұтымды үйлесімдер жасап, құрамға жаңа ойыншыларды қиындықсыз қосу ғана қалды.