Қазақстан жастар чемпионатындағы аяқталған маусымды қорытындылаймыз. Jastar Ligasy плей-оффына қатысқан командаларды талдауды бастаймыз.
Тұрақты чемпионат
Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша сегізінші орынды «Астана» иеленді. Қызықты факт – «елордалықтар» өз көрсеткіштерін өткен маусыммен салыстырғанда жақсартты (бұрынғы 1,25-тің орнына әр ойында орта есеппен 1,4 балл). Алайда 2020/21 маусымында команда бесінші орында болған еді.
Өткен маусымда сегізінші орыннан биігірек көтерілуге тұрақтылықтың жоқтығы кедергі келтірді. Иә, Антон Васиннің ойыншылары кестенің төменгі бөлігіндегі қарсыластарды жеңіп кетіп отырды, алайда өзімен тең түсетін командалармен кездесулердің барлығында алма-кезек жеңіп отырды. Ал үздіктер үштігіндегілермен жекпе-жектерде 36 ұпайдың 6-ауына ғана қол жеткізді. Бұл ретте «Астананың» маусымда 200 шайба салған ұжымдардың бестігіне кіргенін атап өтпеуге болмайды.
Плей-офф
«Астана» шабуылдаушы хоккей арқылы нәтижелі ойын көрсетіп, бірінші айналымды өте алар еді. Алайда «елордалықтарға» қарсы ширекфиналда биылғы маусымда шабуылдан алдына ешкімді салмаған «Барыс» ойнады. Сондықтан үшінші текетіресте ғана «Астана» қарсыласқа қарсы соққымен жауап бере алды. Алайда төрт шайба серияны ұзарту үшін жеткіліксіз болды.
Көшбасшылар
Бейсембаев пен Китаров ауысқаннан кейін маусымның қорытындысы бойынша «Астананың» көшбасшысы Никита Бондарев болды. Шабуылшы тұрақты чемпионатта 49 (19+30) ұпай жинады және плей-оффта бұған қос балл қосты. Мәдихан Күнтуғанов маусым бойы 21 шайба салды – бұл «елордалықтар» сапындағы үздік көрсеткіш.
Қақпашылар
Всеволод Риттингер (КН - 4) мен Даниил Кудимов (КН – 4,1) өткен маусымда ойын уақытын екіге бөліп алды деуге болады. Екеуі де орта есеппен 4 шайбадан өткізді. Ал тойтарылған соққылар пайызы бойынша Даниилдің көрсеткіші жоғарырақ – 93,4%, ал Всеволодта – 87,7%.
Қорытынды
«Астана» маусымды жақсы өткізді. Нәтижелілігі де бабында болды. Тек қорғанысты нығайтып, чемпионат көшбасшыларына қарсы ойнауды үйрену ғана қалды. Команда құрамы 90 пайызға жергілікті шәкірттерден тұратынын және олардың көпшілігінің жасы 18-ге толмағанын ескерсек, болашақта Қазақстан жастар чемпионаты ең жоғары орындар үшін тартыса алатын тағы бір мығым, әрі табанды ұжымға ие болатын сияқты.