«Арлан» академиясының бірқатар ойыншылары біліктілік ұсыныстарын қабылдады

25 maýsym
926

Көкшетаулық клубтың жастар командасының бес ойыншысы алдағы маусымда команда үшін өнер көрсетуін жалғастырады.

Клубтың біліктілік ұсыныстарын қабылдаған ойыншылар қатарына Эмиль Богапов, Мирослав Артемьев, Жасулан Мажикенов, Владимир Сапожников пен Данила Жмаев кірді.
Қорғаушылар – Эмиль Богапов пен Мирослав Артемьев жергілікті мектептің тәрбиеленушілері. Өткен маусымды Богапов көкшетаулық клубтың қабырғасында өткізді, 40 матч өткізіп, 26 нәтижелі ұпай жинады.

Артемьев Богапов сияқты бүкіл мансап жолын Арланның сапында өткізді. 2019-2020 маусымында қорғаушы Латвия чемпионатында ойнап, тәжрибе жинақтады. Өткен маусымның плей-оффын Мирослав ақтөбелік команда сапында өткізді.

Владимир Сапожников – өткен маусымның команда қорғаушылары арасындағы көшбасшысы. Ойыншының пайдалылық коэффициенті 31 ойында +13 құрады.

«Арлан» өткен маусымның көшбасшысы – өткен маусымның 34 ойынында 58 ұпай жинап, көшбасшы атанған Данила Жмаевты да сақтап қалды. Бұл командадағы үздік нәтиже болды.

Өткен маусымда алғаш рет көкшетаулық көкжалдар үшін өнер көрсеткен шабуылшы Жасұлан Мажикенов алдағы маусымда да «Арлан» үшін ойнайды.