Ақтөбе жастар командасының ойыншылары біліктілік ұсыныстарын қабылдады

25 maýsym
1945

«Ақтөбе» бапкерлер штабы өткен маусымдағы ойыншылардың көп бөлігін сақтап қалды.

Батыстық клубпен серіктестікті жалғастыратын ойыншылар құрамында шабуылшылар Назар Евлашевский, Михаил Калиниченко, Даниил Цихоцкий, Ерасыл Шайкенов пен қорғаушы Иван Тимофеев бар.
Барлық ойыншылар ақтөбелік жанкүйерлерге жақсы таныс.
Көкшетау тәрбиеленушісі – Ерасыл Шайкенов жастар лигасындағы өзінің алғашқы маусымын еліміздің теріскейлік клубы – Құлагер сапында өткізеді. Ақтөбеге ауысқан форвард өз позициясын нығайтып, қызыл-қаралар құрамында бекіді. 47 ойында 27 нәтижелі ұпай жинады.

Шайкеновтің ізінше өткен маусымда көкшетаулық академиядан Ақтөбеге Даниил Цихоцкий ауысты. Форвард көкшетаулық командаға қарағанда, «Ақтөбе» үшін сапалырақ ойын көрсетті. 49 матчта форвард 30 айып минутын алып, 7 шайба салды, 9 рет пас берді.

Көкшетаудан Ақтөбеге ауысқан келесі шабуылшы – Назар Евлашевский. Цихоцкий мен Шайкенов сияқты Назар да ойын мансабының көп бөлігін арландар сапында өткізді. Алайда 2019-2020 маусымында Евлашевский Канададағы GMHL лигасында 18 ойын өткізді.

Михаил Калиниченко өткен маусымды оралдық «Ястребы» құрамында бастады. Маусымды сәтсіз бастағаннан кейін ақтөбелік команда құрамына өтіп, 42 ойын өткізді, 8 шайба салып, 11 пас берді.

Ақтөбенің қорғаныс шебінде Иван Тимофеев қалды. +11 пайдалылық коэффициентімен өскемендік мектептің тәрбиеленушісі қызыл-қаралар үшін 43 ойында 11 ұпай жинады.