Ақтөбе «Торпедоның» үш тәрбиеленушісімен келісімшарт жасасты

27 maýsym
1146

Ойыншылар батыстық клубтан келісімшарттық ұсыныстар қабылдады.

Келесі маусымда «Ақтөбе» жастар құрамасында қорғаушылар Рустам Құрсақбаев, Андрей Шпак және шабуылшы Денис Афлитонов ойнайды. Үшеуі де Ақтөбеге өскемендік «Торпедо» жүйесінен өтті.

Афлитонов пен Құрсақбаев үшін алдағы маусым жастар лигасындағы екіншісі. Шпак Jas Ligasy-ына алғаш аяқ басты. Құрсақбаев үшін маусым екі есе ерекше болмақ, себебі ағасы Руслан да қызыл-қаралардың намысын қорғайтын болады.