Ястребы негізгі құрамның ойыншыларымен келісімшартты ұзартты

29 maýsym
1120

Өткен маусымның финалисі белсенді трансферлік саясат жүргізуде.

Оралдық клубтың біліктілік ұсыныстарын қақпашы Никита Осипов, қорғаушылар Богдан Куминов пен Батырхан Камиден, сондай-ақ шабуылшылар Найман Жүнісов пен Владислав Кладов қабылдады. Барлық хоккейшілер «Ястребы» командасының негізгі құрамының ойыншылары. Бұл ретте бесеуі де Оралда екі маусым бойы ойнады, бапкерлер штабына жақсы таныс.