Ястребы құрамды жасақтауды жалғастыруда

30 maýsym
1198

Оралдықтардың менеджері Jastar Ligasy-ның күміс марапаттарын жеңіп алуға көмектескен ойыншыларды өз құрамында сақтап қалу үшін бар күшін салды.

«Ястребы» командасының біліктілік ұсыныстарын қорғаушылар Әділхан Саурықов және Егор Бастаногов, сондай-ақ шабуылшылар Арлан Акпирганов, Дамир Рақышев пен Сұлтанбек Рахимов қабылдады. Бесеуі де батысқазақстандық ұжымның бапкерлер штабының сенімді сарбаздары.