Жастар командалары арасындағы Қазақстан кубогі 1 және 9 қыркүйек аралығында үш қалада өтеді.
Турнир қатысушыларының құрамы және форматы
Биыл Кубок үшін 13 ұжым тартысады. Бұрыннан белгілі қатысушылар қатарына алдағы маусымда Jastar Hokei Ligasy-нда бағын сынамақшы атыраулық «Жас Батыр» қосылады. Барлық командалар үш топқа бөлінеді.
Матчтары Қарағандыда өтетін «А» тобында «Жас-Батыр», «Мұнайшы», «Алматы», «Қыран» мен «Барыс» ойнайды.
«В» тобында финалдық раундқа жолдама үшін «Горняк», «Астана», «Барыс-Жас» және турнирдің қазіргі жеңімпазы «Ястребы» тартысатын болады. Бұл ұжымдар өз кездесулерін Нұр-Сұлтанда өткізеді.
Петропавл «С» тобының матчтарын қабылдайды, оның аясында «Арлан» академиясы», «Құлагер», «Ақтөбе» мен «Торпедо» ойнайды.
Алдын ала раундтың қорытындысы бойынша төрт команда Кубок үшін күресті жалғастырады. Плей-офф раундына өз тобының жеңімпаздары, сонымен қатар екінші орын алғандар қатарынан үздік атанған ұжым шығады. Барлығы алдын ала кезеңнің нәтижесіне сай өз рейтингісін алады (Q1-Q4). Әрі қарай жартылай финалдық матчтар мен финал елордада өтеді.
Турнир кестесі
АЛДЫН АЛА РАУНД
1 қыркүйек, бейсенбі
14:00 «Munaishy» – «Barys»
19:00 «Qyran» – «Jas Batyr»
2 қыркүйек, жұма
19:00«Almaty» – «Munaishy»
3 қыркүйек, сенбі
14:00 «Barys» – «Jas Batyr»
14:00«Yastreby» – «Gornyak»
14:00«Torpedo» – «AH Arlan»
19:00 «Qyran» – «Almaty»
19:00 «Astana» – «Barys-Jas»
19:00 «Qulager» – «Aqtobe»
4 қыркүйек, жексенбі
17:00 «Munaishy» – «Qyran»
17:00 «Astana» – «Yastreby»
17:00 «Qulager» – «Torpedo»
5 қыркүйек, дүйсенбі
14:00 «Barys» – «Almaty»
19:00 «Barys-Jas» – «Gornyak»
19:00 «Aqtobe» – «AH Arlan»
19:00 «Jas Batyr» – «Munaishy»
6 қыркүйек, сейсенбі
14:00 «Almaty» – «Jas Batyr»
14:00 «Yastreby» – «Barys-Jas»
14:00 «Torpedo» – «Aqtobe»
19:00 «Qyran» – «Barys»
19:00 «Gornyak» – «Astana»
19:00 «AH Arlan» – «Qulager»
ПЛЕЙ-ОФФ РАУНДЫ
8 қыркүйек, бейсенбі
14:00 Q1 – Q4
19:00 Q2 – Q3
9 қыркүйек, жұма
19:00 S1 – S2 (финал)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.