Дамир Рамазанов – «Арлан академиясының» бас бапкері

2 tamyz
1092

Көкшетаулық «Арланның» баспасөз қызметі өз жастар командасының жаңа бапкерінің есімін жария етті.

JastarHokeiLigasy-нда ойнайтын «Арлан академиясының» бас бапкері Дамир Рамазанов болды. Тәжірибелі қорғаушы 2021/22 маусымнан кейін ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, енді өзін бапкер ретінде байқауға бел буды.

Рамазанов жанкүйерлерге «Ертіс», «Алматы» және «Астана» командаларындағы ойынымен жақсы таныс. Соңғы жеті маусымын Дамир петропавлдық «Құлагерде» өткізді. Жалпы спортшы Қазақстан чемпионатында 500-ден астам матчт ойнады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.