Қазақстан жастар чемпионатының алғашқы айын қорытындылайық.
1 қазандағы жағдай бойынша Jastar Ligasy-ның көшбасшысы – «Ақтөбе». Батысқазақстандық ұжым 6 матчтың 5-еуінде жеңіске жетті, бұл ретте тек буллиттер бойынша ғана жеңілді (11 балл). Оның үстіне, 24 шайба салған «Ақтөбе» – чемпионаттың ең нәтижелі командасы.
Екінші болып елдің қазіргі чемпионы «Барыс» келе жатыр (8 ұпай). Елордалық ұжым екі кездесуге азырақ өткізді және әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. Көбіне-көп бұл нәтижеге қорғаныс шебіндегі тамаша ойынның арқасында қол жеткізілді. Пассивте «Барыс» небәрі 4 шайба өткізді, бұл чемпионаттағы екінші нәтиже.
Әрі қарай турнир кестеcін жақында өткен Қазақстан жастар кубогінің финалистері жалғайды. «Ястребы» және «Торпедо» 6 ұпайдан жинады, алайда оралдық ұжымның әлі ойнайтын екі матчы бар.
Ұлттық турнирлердің дебютанты «Жас Батыр» 4 ұпайымен қазіргі таңда мықтылар сегіздігін тұйықтап тұр. Атыраулықтар «Горнякты» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана жеңді.
Сондай-ақ «Арлан», «Барыс-Жас», «Мұнайшы» мен «Алматы» әзірге плей-офф аймағынан тыс қалып отыр. Оңтүстікастаналық ұжым әзірге бір де бір балл жинаған жоқ.
Айдың ең ірі жеңісіне «Қыран» қол жеткізді. 25 қыркүйек күні қарағандылықтар Теміртауда «Мұнайшыны» 10:0 есебімен ойсырата жеңді.
19 қыркүйек күні Оралда «Ястребы» және «Торпедо» айдың нәтижесі ең төмен матчын ойнады. Алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.