«Арлан» «Мұнайшыдан» жеңісті жұлып әкетті. «Торпедо» мен «Құлагер» бірге 18 гол салды. «Астана» мен «Горняк» ойынында бір ғана гол салынды.
Павлодарлықтар «Арланға» қарсы өз алаңындағы матчта есеп ашқанымен, әрі қарай тек көкшетаулық ойыншылар гол салды. Денис Гафаров дубль жасады. «Көкшеліктер» турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты.
"Мұнайшы" – "Арлан" 1:4 (1:0, 0:2, 0:2)
1:0 – 12:37 – Билимбаев (Гулый)
1:1 – 21:22 – Гафаров (Ибраев)
1:2 – 23:58 – Гафаров (Кучер, Ибраев)
1:3 – 41:44 – Петров (Цихоцкий)
1:4 – 45:38 – Кучер (Ибраев)
Қақпашылар: Недодаев (Костюков, 45:38) – Чепец
«Торпедо» екінші рет «Құлагерді» ойсырата жеңді. 18 шайба салынған нәтижелі матчта өскемендіктер қарсыласқа еш мүмкіндік бермеді.
"Торпедо" – "Құлагер" 13:5 (6:1, 3:1, 4:3)
1:0 – 02:42 – Панченко (Тютюньков Я.)
1:1 – 04:09 – Емельянов (Шляйгер)
2:1 – 07:55 – Тютюньков Д. (Омельковец)
3:1 – 08:28 – Алдабергенов (Храмов, Пивень)
4:1 – 09:46 – Панченко (Комиссаров)
5:1 – 16:41 – Тютюньков Я. (Хан, Маслеников)
6:1 – 19:17 – Тютюньков Я. (Дьяченко, Стальмаков)
6:2 – 21:16 – Сергушкин (Фролов, Горбань)
7:2 – 26:04 – Алдабергенов
8:2 – 31:28 – Маслеников
9:2 – 31:48 – Якубжанов (Комиссаров)
10:2 – 41:43 – Кизекпаев (Пивень, Алдабергенов) ГМ
11:2 – 50:00 – Подшивалов
11:3 – 51:00 – Шайкенов (Шляйгер, Коровин)
12:3 – 53:24 – Подшивалов (Алдабергенов, Кизекпаев)
12:4 – 54:23 – Свириденко (Махамадеев, Букарь)
12:5 – 57:20 – Антясов (Шайкенов, Емельянов)
13:5 – 59:00 – Маслеников (Тютюньков Я., Алдабергенов)
Қақпашылар: Ершов (Шестаков, 40:00-60:00) – Токпан
Ал «Астана» мен «Горняк» арасындағы матчта керісінше бәрін бір ғана шайба шешті. Елордалық ұжым Әділ Аманжолов дөп салған шайбаның арқасында жеңіске жетті. «Астананың» голкипері Всеволод Риттингер қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді.
"Астана" – "Горняк" 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)
1:0 – 26:29 – Аманжолов (Дунаев, Худайбергенов)
Қақпашылар: Риттингер – Скрынников