Горняк Мұнайшыны ойсырата жеңді

21 qazan
997

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Мұнайшы» «Горнякқа» төтеп бере алмады.

Павлодарлықтар кездесудің соңғы минуттарында құрғақ жеңілістен құтылды, алайда қорытынды нәтижеге «Мұнайшының» көңілі толды деуге келмейді. Илья Китанин мен Давид Стенников нәтижелілігі үшін екі балдан жинады. Үйдегі екі жеңістен кейін рудныйлықтар өзінің турнирлік жағдайын жақсартып, плей-офф аймағына өтті.

«Горняк» - «Мұнайшы» 6:1 (2:0, 3:0, 1:1)

1:0 - 05:16 - Стенников

2:0 - 06:48 - Буб (Ишин)

3:0 - 23:27 - Лопухов (Руслан)

4:0 - 26:14 - Слепухин (Китанин)

5:0 - 35:47 - Китанин (Петров, Жусупов) ГБ

6:0 - 57:22 - Нуритдинов (Стенников, Утебаев)

6:1 - 58:18 - Кильдюшкин (Тагамбаев, Чигаев) ГБ

Қақпашылар: Пахоленко - Гущин (Фриауф, 23:27-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.