Ақтөбенің маусымдағы оныншы жеңісі

24 qazan
702

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Ақтөбе» «Мұнайшыны» сенімді түрде жеңді.

Бастапқыда павлодарлықтар қарсыласқа ілесіп, тіпті соққы жасай алды. Алайда екінші кезең қонақтарды сүріндірді. «Ақтөбе» қарсыластың қақпасын үш рет алып, маусымдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда батысқазақстандық ұжым Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ның турнир кестесін бастап келеді. Хет-трик Николай Коевқа тиесілі.

«Ақтөбе» - «Мұнайшы» 7:1 (2:1, 3:0, 2:0)

0:1 - 06:28 - Алексеенко (Воронцов)

1:1 - 08:38 - Коев (Курсакбаев, Плотников) ГБ

2:1 - 12:23 - Назарчук (Тюлюнов)

3:1 - 24:33 - Коев (Евлашевский)

4:1 - 35:59 - Коев (Плотников) ГМ

5:1 - 36:15 - Шайкенов (Мозжерин) ГМ

6:1 - 52:44 - Плотников (Коев, Зизевских)

7:1 - 55:19 - Евлашевский (Коев, Плотников)

Қақпашылар: Костюков (Раков, 43:36-60:00) – Фриауф (Гущин, 36:15-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.