Торпедо Алматыдан басым түсті, чемпионның кезекті жеңілісі

26 qazan
842

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының ойын күні аяқталды.

«Торпедо» өз алаңында «Алматыны» жеңді. Матчта екінші кезең шешуші болып, алаң иелері қарсыласты үш рет састырды. Жеңіс шайбасының авторы – Даниил Якубджанов.

«Торпедо» - «Алматы» 4:1 (1:1, 3:0, 0:0)

1:0 - 05:15 - Первутинский (Киселёв, Мерзликин)

1:1 - 06:52 - Айткалиев

2:1 - 22:57 - Якубджанов (Есимов, Тютюньков Д.)

3:1 - 34:57 - Рысбеков (Базанов)

4:1 - 39:19 - Тютюньков Д. (Якубджанов, Стальмаков)

Қақпашылар: Эрштейн - Рудковский (Байдек, 40:00-60:00)

«Қыран» аса сәтті болмаған Батысқа сапарынан кейін сәл-пәл жағдайын түзетті. Бүгін қарағандылық ұжым овертаймда елордалық ел чемпиондарын жеңіп кетті. Тимофей Симонов дубль жасады, жеңіс шайбасы Виталий Божкоға тиесілі. «Барыс» үшін бұл – маусымдағы үшінші жеңіліс.

«Қыран» - «Барыс» 5:4 ОТ (1:2, 1:2, 2:0, 1:0)

1:0 - 06:21 - Бодиков (Перцев, Еськов)

1:1 - 06:36 - Иконников (Каиргелди)

1:2 - 16:19 - Абдулла (Киргизбаев, Масен)

2:2 - 25:15 - Катков (Божко, Еськов) ГБ

2:3 - 30:16 - Надейкин (Амырканов)

2:4 - 34:27 - Корчагин (Гросс)

3:4 - 35:51 - Симонов

4:4 - 47:25 - Симонов (Забурдяев)

5:4 - 63:12 - Божко

Қақпашылар: Дубович (Селивёрстов, 35:51-60:00) - Истомин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.