Теміртау мен Өскемендегі сойқандар

27 qazan
1242

Қазақстан жастар чемпионаты үш матччпен жалғасуда.

«Барыс» түздегі екінші матчта «Қыраннан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бүгін қарағандылықтар әр кезеңде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырған елордалық хоккейшілерге төтеп бере алмады. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Кисель дубль жасады.

«Қыран» - «Барыс» 1:6 (0:2, 0:2, 1:2)

0:1 - 12:55 - Кисель (Корчагин)

0:2 - 16:14 - Амырканов (Кошевник, Надейкин)

0:3 - 22:28 - Кисель (Корчагин, Гросс)

0:4 - 36:04 - Надейкин (Амырканов, Лукавенко)

0:5 - 45:09 - Кошевник (Лукавенко, Амырканов)

1:5 - 47:20 - Божко (Еськов)

1:6 - 56:44 - Гросс (Корчагин, Кисель)

Қақпашылар: Селивёрстов - Никитин

«Торпедо» бүгін де оңтүстікастаналық қарсыластарды тырп еткізбеді. «Алматы» қақпасына жауапсыз жеті шайба аттанды, бұл ретте қонақтар қарсы қақпаға 33 соққы бағыттағанымен, олардың бір де бірі жетер жеріне жетпеді. Алаң иелері құрамынан Диас Тютюньков хет-трик жасады, Сергей Стальмаков дубль жасады.

«Торпедо» - «Алматы» 7:0 (3:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 09:43 - Тютюньков Д. (Якубджанов, Стальмаков)

2:0 - 10:11 - Рысбеков (Ефремов, Базанов)

3:0 - 12:49 - Тютюньков Д. (Индюков)

4:0 - 22:50 - Мерзликин (Чалкин, Перегудов)

5:0 - 29:57 - Стальмаков (Тютюньков Д., Базанов) ГБ

6:0 - 46:16 - Стальмаков (Побединский, Тютюньков Д.)

7:0 - 59:53 - Тютюньков Д. (Якубджанов, Стальмаков)

Қақпашылар: Эрштейн (Пыленок, 50:01-60:00) - Рудковский

«Жас Батыр» мен «Ястребы» жекпе-жегінде оралдық ұжым басым түсті. Қонақтар екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, матчты жеңіспен аяқтады. Арлан Акпирганов өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысты.

«Жас Батыр» - «Ястребы» 1:5 (0:0, 0:3, 1:2)

0:1 - 21:21 - Камиден (Акпирганов, Шелехов) ГБ

0:2 - 34:48 - Буланов ГМ

0:3 - 39:54 - Сауриков (Акпирганов)

0:4 - 40:39 - Терещенко (Камиден, Киселев)

0:5 - 41:14 - Акпирганов

1:5 - 59:37 - Баранов (Харченко, Олихвер) ГБ

Қақпашылар: Ваганян (Прицкер, 41:14-60:00) - Какенов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.