Мұнайшының үшінші жеңісі, Барыс-Жастың қарымтасы

30 qazan
806

Қазақстан жастар чемпионаты төрт жекпе-жекпен жалғасады.

Павлодарда «Мұнайшы» «Алматыдан» жеңісті жұлып әкетті. Алаң иелері жеңілістен үшінші кезеңнің аяқталуына бір жарым минут қалғанда құтылды. Овертаймда дубль жасаған Власлав Бондарчуктың дөп соққысы чемпионаттың аутсайдеріне маусымдағы үшінші жеңісін сыйлады.

«Мұнайшы» - «Алматы» 2:1 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 1:0)

0:1 - 03:42 - Айдуков (Крицин, Чернышов)

1:1 - 58:31 - Бондарчук (Абенов)

2:1 - 62:40 - Бондарчук (Семенов, Труш)

Қақпашылар: Фриауф – Байдек

Елордалық командалардың екінші текетіресінде «Барыс-Жас» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бір қызығы, үш кезеңнің үшеуі де бірдей есеппен аяқталды. Жеңімпаздар құрамынан өз қоржынына екі нәтижелі соққыны Абзал Алибек жазды.

«Барыс-Жас» - «Астана» 6:3 (2:1, 2:1, 2:1)

1:0 - 10:04 - Алибек

1:1 - 18:43 - Жумабай

2:1 - 19:32 - Гафуров (Перкин, Саркенов)

2:2 - 22:37 - Демеу (Оразов, Амангалиев)

3:2 - 27:51 - Шарапов (Перкин)

4:2 - 39:44 - Мейрман

4:3 - 42:26 - Сатемиров (Амангалиев, Демеу)

5:3 - 54:19 - Алибек (Зияш)

6:3 - 56:28 - Саркенов

Қақпашылар: Шестаков – Кудимов (Габдуллин, 40:00-60:00)

«Құлагер» тағы да «Арланнан» басым түсті. Бүгін көкшетаулықтар қарсыластың қақпасын ала алмады. Артур Харисов пен Даниил Махамадеев нәтижелілігі үшін екі балдан жинады. Петропавлдықтардың қақпашысы Александр Коваль қақпаға бағытталған 23 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Құлагер» - «Арлан» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 21:39 - Пиниди (Махамадеев, Харисов)

2:0 - 35:31 - Махамадеев (Горбань, Букарь) ГБ

3:0 - 44:03 - Сергушкин (Харисов, Варламов)

Қақпашылар: Коваль – Чепец

Рудныйлықтар ақтөбелік чемпионат көшбасшыларына тағы да төтеп бере алмады. Алаң иелері ойын барысын бақылап, ара-арасында өз сәттерін ұтымды пайдаланып отырды. Жеңіс шайбасының авторы – Елисей Комиссаров.

«Ақтөбе» - «Горняк» 5:2 (2:1, 1:1, 2:0)

1:0 - 03:30 - Зизевских (Плотников, Коев) ГБ

1:1 - 07:07 - Утебаев (Стенников, Лопухов)

2:1 - 08:29 - Мозжерин (Шайкенов, Комиссаров)

2:2 - 31:29 - Лопухов (Утебаев, Китанин)

3:2 - 39:24 - Комиссаров (Мозжерин, Шайкенов)

4:2 - 47:51 - Пономарёв

5:2 - 51:04 - Поленов (Коев, Тюлюнов) ГБ

Қақпашылар: Раков – Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.