Ақтөбе көшті бастап тұр, Жас-Батырдың сәтті дебюті

1 qarasha
1199

Қазақстан жастар чемпионатының екінші айын қорытындылаймыз.

«Ақтөбе» Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ның бірінші қатарында тұр. Батысқазақстандық ұжым 14 кездесуде бір ғана балл жоғалтып, қазір қоржынына 27 ұпай жинады. Бұл ретте «Ақтөбе» бүгінгі таңда лиганың ең нәтижелі командасы (75 гол) және қорғаныстағы ойын бойынша ең сенімді команда болып отыр (22 шайба өткізген).

«Ақтөбенің» ізін өкшелеп «Барыс» пен «Ястребы» қуып келеді. Қос ұжым да 21 балдан жинады, алайда елордалық ұжым екі кездесу кем өткізді.

Чемпионат дебютанты «Жас Батыр» жақсы бастады. Атыраулықтар 14 матчтың 10-ында жеңіске жетіп, қазір 20 балмен төртінші қатарды иеленуде.

Плей-оффтан тыс аймақта «Астана», «Горняк», «Алматы», «Арлан» және «Мұнайшы» қалып отыр.

Өткен айда ең үлкен жеңіске чемпионат көшбасшысы «Ақтөбе» жетті. 26 қазан күні команда өз алаңында «Мұнайшыны» 12:0 есебімен ойсырата жеңді.

Айдың ең нәтижелі текетіресі 14 қазан күні Рудныйда өтті. «Горняк» пен «Барыс-Жас» жергілікті жұртшылықты қуантып, біріккенде 13 нәтижелі шабуыл жасады. Бұл ойында жеңіске елордалық ұжым жетті (8:5). 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.