Барыс Барыс-Жастағы клубтастарын жеңіп кетті

2 qarasha
775

Бүгін қазақстандық хоккейсүйер қауым «Барыс» жүйесіндегі екі жас команданың текетіресін тамашалады.

Бұл жекпе-жекте тәжірибесі молдау «Барыстың» жеңетіні айдан анық болды. Бірінші кезеңде-ақ ойынның шартты қонақтары қарсыласты бес рет састырды. Әрі қарай Тимур Ержеповтің командасы ойынға орала алды, алайда есеп бойынша қуып жету мүмкін болмады. Жеңімпаздар құрамынан Кирилл Ляпунов дубль жасады. Осы жеңісінен кейін Сергей Старыгиннің ойыншылары бірінші орында келе жатқан «Ақтөбемен» аралығын төрт ұпайға дейін қысқартты.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 3:7 (1:5, 0:1, 2:1)

0:1 - 01:12 - Ляпунов (Манаш)

0:2 - 07:32 - Кошевник (Амырканов, Ситников)

1:2 - 07:49 - Алибек ГБ

1:3 - 09:11 - Ляпунов (Русланулы)

1:4 - 11:29 - Ситников (Амырканов)

1:5 - 13:10 - Русланулы (Ляпунов) ГМ

1:6 - 23:30 - Надейкин (Леута, Гросс)

1:7 - 43:16 - Гросс (Леута, Корчагин) ГБ

2:7 - 50:35 - Шарапов ГБ

3:7 - 54:13 - Кажибеков (Шипилин, Алибек) ГБ

Қақпашылар: Толеубай (Лаюров, 13:10-60:00) - Никитин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.