Фавориттердің жеңісі

3 qarasha
1310

Қазақстан жастар чемпионатының ойын күні аясында төрт матч өтті.

54-ші минутқа дейін «Барыс-Жастың» өз клубтастарымен текетіресте ұпай жинауға бар мүмкіндігі болды. Алайда кездесудің соңында Сергей Старыгиннің ұжымы ойынды өз бақылауына алды. Владимир Корчагин дубль жасады. «Барыс» қатарынан үшінші матчта жеңіп, Тимур Ержеповтің ойыншылары соңғы алты кездесудің бесеуінде жеңіліп қалды.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 2:4 (0:1, 2:1, 0:2)

0:1 - 01:30 - Корчагин (Лукавенко, Истомин) ГБ

1:1 - 22:46 - Сагымбаев (Саркенов, Манажанов)

2:1 - 31:06 - Гафуров (Потапов)

2:2 - 37:24 - Мигунов (Жусупбеков, Канкин) ГБ

2:3 - 53:53 - Корчагин (Мигунов)

2:4 - 58:32 - Гросс

Қақпашылар: Лаюров (Толеубай, 31:06-54:16) - Истомин

«Мұнайшы» ойын күнінің басты сенсациясын жасай жаздады. Кездесудің 43-ші минутында «Жас Батыр» алты шайба алда келе жатты. Алайда әрі қарай павлодарлықтар бойларын жинап, тіпті есеп айырмашылығын едәуір азайтты. Дегенмен одан арғысына бара алмай, жеңіс ойынға дер кезінде оралған атыраулық фавориттерге бұйырды. Хет-трик Артём Масленниковке тиесілі.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 4:9 (0:2, 0:3, 4:4)

0:1 - 07:14 - Масленников ГМ

0:2 - 07:40 - Симеониди (Хальзев) ГМ

0:3 - 33:47 - Харченко (Баймырзаев, Алдамжаров)

0:4 - 38:24 - Масленников (Алдамжаров, Харченко)

0:5 - 38:55 - Медведков (Масленников, Телгожаев)

0:6 - 42:19 - Хальзев (Баймырзаев, Масленников) ГБ

1:6 - 43:00 - Гулый (Семенов) ГБ

1:7 - 46:23 - Пименов (Трибунский) ГБ

2:7 - 47:28 - Абенов (Головащенко)

3:7 - 49:16 - Чигаев (Анцельм, Гулый) ГБ

4:7 - 55:57 - Труш (Гулый, Семенов) ГБ

4:8 - 59:07 - Масленников (Медведков)

4:9 - 59:59 - Симеониди

Қақпашылар: Фриауф - Фанайлов

Ойын күнінің негізгі матчында «Ястребы» түзде «Торпедоның» арынын басты. Бұл текетірестің тағдырын үшінші кезең шешті: қонақтар ойын барысын бұрып, үш гол салды. Қарсыласты екі рет Даниил Свинтальский састырды. Оралдықтар «Ақтөбенің» ізін өкшелеп қуып келеді.

«Торпедо» - «Ястребы» 1:4 (0:1, 0:0, 1:3)

0:1 - 15:39 - Терещенко (Свинтальский, Киселев)

1:1 - 48:44 - Стальмаков (Тютюньков Д.) ГБ

1:2 - 55:00 - Свинтальский (Терещенко, Киселев)

1:3 - 57:29 - Свинтальский (Терещенко)

1:4 - 59:58 - Акпирганов (Буланов, Шелехов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Осипов

«Құлагер» «Астанадан» жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды кезеңнің ортасына дейін итжығыс ойын болды. Нәтижесінде алаң иелері дәлірек көздеді: Даниил Варламовтың үш дөп соққысының арқасында жеңіске жетті.

«Құлагер» - «Астана» 5:3 (2:1, 1:2, 2:0)

1:0 - 03:54 - Ербатыров (Харисов) ГБ

1:1 - 07:07 - Аманжолов (Жумабай, Оразов) ГБ

2:1 - 13:30 - Варламов (Серик, Пиниди)

2:2 - 24:13 - Бекеев (Сатемиров)

2:3 - 30:40 - Контуганов (Бейсембаев, Жумабай) ГБ

3:3 - 37:49 - Варламов (Шарикпаев)

4:3 - 53:27 - Варламов (Шарикпаев)

5:3 - 59:08 - Сергушкин (Варламов)

Қақпашылар: Коваль - Кудимов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.