Қыранның қатарынан бесінші жеңілісі, Алматы Горнякты жеңді

10 qarasha
1276

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында екі кездесу өтті.

«Құлагер» түздегі екінші матчта да «Қыраннан» басым түсті. Кездесудің негізгі жайттары қорытынды кезеңде орын алып, павлодарлықтар төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Қонақтардың жеңіс шайбасының авторы – Данила Пиниди. «Құлагер» төртінші қатарға табан тіреді. Ал қатарынан бес матчта жеңілген қарағандылықтар кубоктік сегіздікті тұйықтап тұр.

«Қыран» - «Құлагер» 2:4 (0:0, 1:0, 1:4)

1:0 - 23:39 - Степанов (Еськов) ГМ

1:0 - 27:07 – Пиниди ШБ

1:1 - 40:24 - Белов (Махамадеев)

1:2 - 46:33 - Варламов (Сергушкин, Ербатыров)

1:3 - 47:43 - Пиниди (Варламов, Вышегородцев)

1:4 - 48:44 - Ербатыров (Сергушкин)

1:4 - 49:06 - Еськов

2:4 - 52:34 - Хусаинов (Совет, Еськов)

Қақпашылар: Дубович - Коваль

«Алматы» «Горнякты» сенімді түрде жеңді. Үшінші кезеңнің басына қарай оңтүстікастаналық ұжым үш шайба айырмашылығымен алда келе жатты. Рудныйлықтар құрғақ жеңілістен құтылды, алайда ұпайға іліне алмады. Осы жетістігінен кейін алматылықтар жетінші орында. «Горнякты» плей-офф аймағынан бұрынғыша үш балл бөліп тұр.

«Алматы» - «Горняк» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 16:47 - Чернышов (Зяблов, Айткалиев)

2:0 - 38:45 - Крицин (Айткалиев)

3:0 - 39:52 - Айткалиев (Маркабаев)

3:1 - 45:39 - Поскин (Буб)

4:1 - 46:27 - Маркабаев (Зяблов)

5:1 - 58:23 - Зяблов (Маркабаев, Цинаев)

Қақпашылар: Байдек - Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.