Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты үш кездесумен жалғасады.
«Алматымен» екінші матчта «Горняк» қарымта қайтаруға жақын болды. Алайда алаң иелері күш-жігерді бойға жинап, жеңіске жетті. Шешуші соққыны Демид Выговский жасады. Оңтүстікастаналық команданың қақпашысы Алексей Байдек қақпаға бағытталған 56 (!) соққыға тойтарыс берді. Рудныйлықтар қатарынан алтыншы рет жеңіліске ұшырап отыр.
«Алматы» - «Горняк» 3:2 (0:1, 1:0, 2:1)
0:1 - 12:07 - Ишин (Кемайкин)
1:1 - 24:23 - Зяблов (Маркабаев, Айткалиев) ГБ
1:2 - 41:14 - Волобуев (Буб, Кемайкин) ГБ
2:2 - 42:45 - Маркабаев (Айткалиев, Зяблов) ГБ
3:2 - 48:25 - Выговский (Завьялов, Крицин)
Қақпашылар: Байдек - Пахоленко
«Жас Батыр» «Астананың» арынын басты. Бұл кездесудің тағдырын үшінші кезең шешті: бұл кезеңде қонақтар «елордалықтарды» үш рет састырды. Кездесудің басты қаһарманы – үш нәтижелі соққы жасаған Илья Харченко.
«Астана» - «Жас Батыр» 2:5 (2:1, 0:1, 0:3)
0:1 - 08:19 - Харченко (Баймырзаев)
1:1 - 09:21 - Церульников (Сулейменов) ГБ
2:1 - 12:55 - Аманжолов (Чумак) ГБ
2:2 - 25:18 - Харченко (Алдамжаров)
2:3 - 47:70 - Харченко ГМ
2:4 - 52:32 - Садыков (Симеониди) ГБ
2:5 - 59:27 - Баранов (Алдамжаров)
Қақпашылар: Кудимов - Ваганян
«Арлан» өз алаңында «Ақтөбемен» текетіресте сенсация жасады. Чемпионаттың аралық көшбасшысы маусым бойынша үшінші рет қана жеңіліп отыр. Кездесудің негізгі оқиғалары екінші кезеңде орын алды. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған шайбаның авторы – дубль жасаған Артём Елагин.
«Арлан» - «Ақтөбе» 3:2 (0:0, 3:2, 0:0)
1:0 - 22:57 - Галлямов (Бейсембиев)
1:1 - 25:38 - Афлитонов (Мозжерин, Комиссаров) ГБ
1:2 - 29:34 - Коев
2:2 - 33:16 - Елагин (Артемьев) ГБ
3:2 - 34:33 - Елагин (Бейсембиев) ГМ
Қақпашылар: Дударкиев - Костюков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.