Қыран жеңілістер сериясын үзді, Петропавлдағы сойқан

18 qarasha
949

Жұма күні Қазақстан жастар чемпионаты аясында үш кездесу өтті.

«Қыран» бес матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Бүгін қарағандылықтар елордалық «Барыс-Жастан» басым түсті. Кездесу овертаймда аяқталды. Алаң иелері Вячеслав Белоустың дөп соққысының арқасында екі балл жинады. Чемпионаттың астаналық ең жас ұжымы соңғы үш матчта жеңіліп келеді.

«Қыран» - «Барыс-Жас» 3:2 ОТ (1:0, 0:2, 1:0, 1:0)

1:0 - 06:26 - Перцев (Василенко)

1:1 - 28:29 - Саркенов (Шипилин)

1:2 - 30:12 - Перкин (Трегубов, Кажибеков)

2:2 - 49:38 - Божко (Денисов, Шрайнер)

3:2 - 60:40 - Белоус

Қақпашылар: Дубович - Толеубай

«Құлагер» мен «Торпедо» нағыз голдар шеруін ұйымдастырды. Абырой болғанда, жеңіс үшінші кезеңде матч беталысын түбегейлі бұра білген алаң иелеріне бұйырып, петропавлдық жұртшылықтың көңілі бір серпілді. Айып өтетін жайт, «Құлагер» үшінші кезеңде өскемендіктердің қақпасына алты шайба аттандырды. Александр Сергушкин хет-трик жасады, дубль Данила Пинидидің қоржынында.

«Құлагер» - «Торпедо» 7:5 (1:1, 0:2, 6:2)

1:0 - 14:20 - Варламов (Шарикпаев, Сергушкин)

1:1 - 19:20 - Попов (Тютюньков, Рысбеков) ГБ

1:2 - 22:23 - Попов (Мерзликин, Омельковец)

1:3 - 25:39 - Мерзликин (Попов, Омельковец)

2:3 - 42:28 - Сергушкин (Ербатыров, Кузьмин)

3:3 - 48:45 - Пиниди (Заруцкий)

4:3 - 50:25 - Белов

4:4 - 53:05 - Хан (Мерзликин, Омельковец)

5:4 - 53:13 - Сергушкин

6:4 - 57:16 - Сергушкин

6:5 - 59:04 - Базанов (Тютюньков, Стальмаков) ГБ

7:5 - 59:12 - Пиниди

Қақпашылар: Коваль - Эрштейн

«Арлан» «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. Қонақтардың қақпасына он шайба аттанды. Павлодарлықтар бұған қарсы екі-ақ шайбамен жауап қайтарды. «Ертісті» үш рет Павел Кощеев састырды, Санжар Тусупбеков пен Егор Кабатаев екі реттен көзге түсті.

«Арлан» - «Мұнайшы» 10:2 (2:0, 4:0, 4:2)

1:0 - 04:48 - Тусупбеков (Галлямов, Мажикенов)

2:0 - 16:39 - Кабатаев (Тусупбеков, Кентаев)

3:0 - 20:11 - Елагин (Бейсембиев, Кощеев)

4:0 - 24:05 - Кощеев (Бейсембиев)

5:0 - 26:42 - Кощеев (Ибраев, Елагин) ГБ

6:0 - 31:09 - Артемьев (Бейсембиев, Кощеев) ГБ

7:0 - 46:36 - Бейсембиев (Елагин)

8:0 - 49:17 - Кабатаев (Емельянов) ГБ

8:1 - 51:53 - Гулый (Чигаев) ГМ

9:1 - 56:05 - Кощеев (Бейсембиев)

10:1 - 57:10 - Тусупбеков (Кабатаев)

10:2 - 59:54 - Чигаев (Пидяшов, Гулый)

Қақпашылар: Чепец - Фриауф (Костоев, 40:00-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.