Алматыдағы таңғажайып ерлік, Барыстың құрғақ қарымтасы

21 qarasha
1159

Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.

«Ястребы» - «Алматы» кездесуінің 47-ші минутында оралдықтар төрт шайба айырмашылықпен алда келе жатты. Алаң иелері кезекті рет жеңіске жететіндей көрінді. Алайда әрі қарай оңтүстікастаналық ұжым нағыз ерлік жасады. Финалдық ысқырыққа дейін алматылықтар есеп теңестіріп, овертаймда жеңісті жұлып әкетті. Жеңіс шайбасы Батыр Марқабаевқа тиесілі, «Алматы» құрамынан Алим Айткалиев пен Александр Зяблов дубльден жасады.

«Ястребы» - «Алматы» 6:7 ОТ (2:1, 3:1, 1:4, 0:1)

1:0 - 07:39 - Шелехов (Киселев, Свинтальский)

1:1 - 08:51 - Айткалиев (Неумывакин)

2:1 - 16:35 - Кладов (Бастаногов)

2:2 - 33:31 - Неумывакин (Кайрат) ГБ

3:2 - 35:02 - Свинтальский (Шелехов)

4:2 - 38:21 - Акпирганов (Свинтальский, Васильев)

5:2 - 39:23 - Шелехов (Рахимов, Кладов)

6:2 - 46:17 - Шелехов (Васильев, Свинтальский) ГБ

6:3 - 48:53 - Зяблов (Айткалиев, Маркабаев)

6:4 - 54:08 - Зяблов (Айткалиев, Маркабаев)

6:5 - 54:53 - Кайрат (Чернышов, Югай)

6:6 - 59:00 - Айткалиев (Маркабаев, Зяблов)

6:7 - 60:22 - Маркабаев (Неумывакин, Айткалиев)

Қақпашылар: Осипов - Рудковский (Байдек, 40:00-60:22)

«Барыс» Атыраудан сенімді түрде қарымта қайтарды. Елордалық ұжым үш түрлі ойын жағдайында бір-бір шайбадан салып, өз қақпасына шайба жуытпады. Кирилл Канкин дубль жасады, қонақтардың қақпашысы қақпаға бағытталған 38 соққыға тойтарыс берді.

«Жас Батыр» - «Барыс» 0:3 (0:2, 0:1, 0:0)

0:1 - 10:57 - Канкин (Решетько, Мигунов)

0:2 - 16:33 - Канкин (Мигунов, Жусупбеков) ГБ

0:3 - 24:41 - Кошевник ГМ

Қақпашылар: Фанайлов (Прицкер, 24:41-60:00) - Никитин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.