Арлан кубоктік сегіздікке оралды

22 qarasha
707

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчында «Арлан» «Торпедоны» жеңді.

Бұл кездесуде екінші кезең шешуші болып, алаң иелері үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Тамерлан Бейсембиев дубль жасады. Осы жетістігінің арқасында көкшетаулықтар плей-офф аймағына енді, алайда көкшеліктер қазір тоғызыншы орындағы «Қыраннан» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана озып тұр.

«Арлан» - «Торпедо» 4:1 (1:0, 3:0, 0:1)

1:0 - 10:57 - Бейсембиев ГБ

2:0 - 20:58 - Бейсембиев (Елагин, Кощеев)

3:0 - 31:54 - Тусупбеков (Емельянов, Кабатаев)

4:0 - 37:37 - Аипов (Емельянов, Елагин)

4:1 - 40:08 - Омельковец (Попов)

Қақпашылар: Чепец - Эрштейн (Пыленок, 37:37-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.