Елордадағы буллиттер, Ақтөбе көш басына оралды

24 qarasha
1221

Қазақстан жастар чемпионаты аясында үш кездесу өтті.

Астанада «Барыс» пен «Алматы» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Елордалық ұжымға жеңісті Александр Мигуновтың дөп соққысы сыйлады. Қонақтар құрамынан Алим Айткалиев пен Батыр Маркабаев дубль жасады. Қазіргі чемпион осы жетістігінен кейін Лиганың үздіктер үштігіне оралды.

«Барыс» - «Алматы» 5:4 Б (2:2, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 06:14 - Айткалиев (Зяблов) ГБ

1:1 - 09:51 - Кисель (Лукавенко, Морожников) ГБ

2:1 - 12:09 - Масен (Березенский, Шимин)

2:2 - 18:38 - Маркабаев (Петров)

2:3 - 26:19 - Айткалиев (Крицин, Зяблов)

3:3 - 27:39 - Ермак

3:4 - 49:42 - Маркабаев (Неумывакин, Айткалиев)

4:4 - 50:23 - Абдулла (Мигунов, Канкин)

5:4 - 65:00 - Мигунов

Қақпашылар: Истомин - Рудковский

«Астана» нәтижелі матчта «Горнякты» жеңді. Рудныйлықтардың тағдырын үшінші кезең шешті: алаң иелері әбден сүрініп, жауапсыз бес шайба өткізді. Никита Бондарев пен Әділ Аманжолов екі нәтижелі соққыдан жасады.

«Горняк» - «Астана» 3:8 (1:1, 2:2, 0:5)

0:1 - 08:19 - Бондарев (Бекеев, Аманжолов)

1:1 - 13:42 - Утебаев (Петров, Сертаев) ГБ

2:1 - 20:51 - Петров (Утебаев, Китанин)

2:2 - 23:09 - Сулейменов (Контуганов)

2:3 - 31:51 - Аманжолов (Бондарев, Бекеев)

3:3 - 38:44 - Китанин (Утебаев) ГБ

3:4 - 40:26 - Шегебаев (Оразов, Сулейменов)

3:5 - 47:33 - Еркинов

3:6 - 50:29 - Аманжолов ГБ

3:7 - 55:04 - Бондарев (Бекеев) ГМ

3:8 - 57:34 - Захаров (Бондарев, Аманжолов)

Қақпашылар: Пахоленко - Кудимов

«Ақтөбе» тартысты ойында жеңісті «Қыраннан» жұлып әкетті. Кездесу овертаймға өтеді-ау деп, үшінші кезеңнің аяқталуына 20 секунд қалғанда Михаил Каличиниченко дубль жасап, алаң иелеріне екі балл әкелді. Осылайша, ақтөбеліктер турнир кестесінің биігіне қайта көтерілді.

«Ақтөбе» - «Қыран» 2:1 (0:0, 1:1, 1:0)

0:1 - 36:11 - Шрайнер (Божко)

1:1 - 39:58 - Калиниченко (Тюлюнов)

2:1 - 59:40 - Калиниченко (Тюлюнов)

Қақпашылар: Костюков - Селивёрстов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.