Петровтің хет-тригі Алматыға елордада жеңіс сыйлады

25 qarasha
754

Қазақстан жастар чемпионаты аясында үш кездесу өтті.

«Алматы» «Барыстан» қарымта қайтарды. Оңтүстікастаналық ұжым кездесу соңына шаршамай жетіп, Максим Петровтің хет-тригінің арқасында екі балл иеленді. Осы жетістігінен кейін алматылықтар турнир кестесінің алтыншы қатарына көтерілді.

«Барыс» - «Алматы» 3:4 (1:1, 2:1, 0:2)

0:1 - 12:34 - Кайрат (Зяблов, Маркабаев) ГБ

1:1 - 14:25 - Лукавенко (Ермак)

2:1 - 22:49 - Шакубаев (Морожников)

3:1 - 24:39 - Ермак (Лукавенко, Манаш) ГБ

3:2 - 35:16 - Петров (Зяблов, Маркабаев) ГБ

3:3 - 44:23 - Петров (Маркабаев, Крицин)

3:4 - 48:46 - Петров (Айдуков)

Қақпашылар: Истомин - Байдек (Рудковский, 24:39-60:00)

«Астана» Рудныйдан төрт балмен қайтты. Екінші текетіресте де «Горняк» елордалық ұжымға төтеп бере алмады. Қонақтардан өз қоржынына екі дөп соққыны Әділ Бейсембаев пен Әділ Аманжолов жазды. Алаң иелері үшін бұл – соңғы он кездесудегі тоғызыншы жеңіліс. Кубоктік сегіздіктен төрт балл артта қалып келеді.

«Горняк» - «Астана» 2:8 (1:3, 0:3, 1:2)

0:1 - 08:34 - Бейсембаев (Аманжолов)

0:2 - 10:58 - Оразов (Сулейменов) ГБ

0:3 - 15:36 - Аманжолов (Бекеев)

1:3 - 18:30 - Утебаев (Китанин)

1:4 - 30:52 - Бейсембаев ГМ

1:5 - 32:43 - Икрамов (Еркинов, Пашковский)

1:6 - 35:59 - Бекеев (Аманжолов, Бондарев) ГБ

2:6 - 48:01 - Кемайкин

2:7 - 53:12 - Аманжолов (Амангалиев, Оразов)

2:8 - 59:21 - Бондарев (Аманжолов, Бейсембаев)

Қақпашылар: Пахоленко – Габдуллин

«Ақтөбе» мен «Қыран» жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. Қосымша бес минутта Максим Мозжерин алаң иелеріне кезекті жеңісті әкелді. «Ақтөбе» осы жетістігінен кейін Лиганың турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайта түсті. «Қыран» дәл қазіргі сәтте кубоктік сегіздікті тұйықтап тұр.

«Ақтөбе» - «Қыран» 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 22:58 - Калиниченко (Тюлюнов)

1:1 - 56:08 - Симонов (Еськов)

2:1 - 61:54 - Мозжерин (Шайкенов)

Қақпашылар: Костюков - Дубович

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.