Қыран Рудныйда жеңіске жетті, Астана чемпионат көшбасшысын жеңді

28 qarasha
718

Қазақстан жастар чемпионатында дүйсенбіге екі матч жоспарланды.

Рудныйда ең қызықты оқиғалар кездесудің соңында орын алды. Бұл кеште қарағандылықтар дәлірек көздеп, Виталий Божко жасаған хет-триктің арқасында екі балл жинады. «Қыран» өзінің үш матчқа созылған жеңілістер сериясын үзіп, плей-офф үшін тартысқа оралды. «Горняк» кубоктік сегіздіктен алты ұпайға артта қалып келеді.

«Горняк» - «Қыран» 2:4 (0:1, 0:0, 2:3)

0:1 - 05:29 - Еськов

0:1 - 33:45 – Буб ШБ

1:1 - 45:51 - Китанин (Утебаев, Поскин)

1:2 - 51:26 - Божко

1:3 - 57:19 - Божко (Симонов)

2:3 - 58:22 - Утебаев (Китанин, Поскин)

2:4 - 59:41 - Божко ПВ

Қақпашылар: Пахоленко - Селивёрстов

«Ақтөбенің» «Астананы» жеңе алмағаны көпшілік үшін күтпеген жайт болды. Алаң иелері бірінші кезеңнің ортасына қарай есеп ашты, әрі қарай голды тек қонақтар салды. Жеңіс соққысын артық құраммен Әділ Бейсембаев салды. «Елордалықтардың» қақпашысы Дармен Габдуллин қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Астана» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)

1:0 – 09:17 – Пономарёв (Оликов, Мозжерин)

1:1 – 19:22 – Сулейменов (Оразов)

1:2 – 49:24 – Бейсембаев (Оразов)

1:3 – 58:51 – Аманжолов ПВ

Қақпашылар: Костюков – Габдуллин 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.