Арлан Барыс-Жастан басым түсті, Қыран Горняктың қақпасын ала алмады

29 qarasha
894

Қаазақстан жастар чемпионаты үш матчпен жалғасады.

«Арлан» нәтижелі тартыста «Барыс-Жастың» арынын басты. Санжар Тусупбеков дубль жасады, үш нәтижелі шабуылға Тамерлан Бейсембиев атсалысты. Бұл жеңіс көкшетаулықтарға плей-офф аймағына бір қадам жақындауға мүмкіндік берді. Елордалық ұжым бұрынғыша турнир кестесінің соңғы орындарының бірін иеленіп отыр.

«Барыс-Жас» - «Арлан» 3:5 (0:2, 1:2, 2:1)

0:1 - 07:15 - Тусупбеков (Емельянов)

0:2 - 13:49 - Кентаев (Бейсембиев) ГБ

0:3 - 35:02 - Козынец (Артемьев, Тусупбеков) ГБ

0:4 - 36:16 - Кощеев (Бейсембиев)

1:4 - 39:45 - Кажибеков (Шипилин, Болгов) ГБ

2:4 - 43:33 - Саркенов (Оразбаев, Алибек) ГБ

3:4 - 48:13 - Гафуров (Алибек)

3:5 - 57:34 - Тусупбеков (Бейсембиев, Кощеев)

Қақпашылар: Толеубай (Лаюров, 40:00-60:00) - Дударкиев

Ал «Горняк» пен «Қыранның» кездесуі аса нәтижелі болмады. Рудныйлықтар үшінші кезеңде күш-жігер көрсетіп, басым түсті. Алаң иелеріне екі балды Артём Буб пен Илья Ишиннің дөп соққылары, сондай-ақ қақпашы Дмитрий Пахоленконың орындауындағы 30 сэйв сыйлады.

«Горняк» - «Қыран» 2:0 (0:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 49:37 - Буб (Сертаев, Кемайкин)

2:0 - 52:29 - Ишин (Кемайкин, Кожуховский)

Қақпашылар: Пахоленко - Дубович

«Астана» Ақтөбеде үш балл жинады. Бүгінгі кездесу тартысқа толы үш кезеңнен кейінгі буллиттер сериясымен аяқталып, онда алаң иелері дәлірек көздеді. Жеңіс соққысының авторы – Николай Коев. «Елордалықтар» құрамынан Әділ Бейсембаев дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Астана» 5:4 Б (0:0, 2:2, 2:2, 0:0, 1:0)

0:1 - 22:50 - Бейсембаев (Оразов) ГБ

1:1 - 26:56 - Пономарёв (Мозжерин) ГБ

2:1 - 34:30 - Мозжерин (Пономарёв, Комиссаров)

2:2 - 36:35 - Бейсембаев (Оразов, Бондарев)

2:3 - 48:31 - Амангалиев (Оразов) ГБ

3:3 - 52:58 - Ущев (Пономарёв, Коев) ГБ

4:3 - 55:37 - Цихоцкий (Мозжерин, Ущев)

4:4 - 59:33 - Бекеев ГМ

5:4 - 65:00 - Коев

Қақпашылар: Костюков - Габдуллин (Кудимов, 65:00-65:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.