Қараша айының үздік ойыншылары

2 jeltoqsan
1437

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының үшінші айын қорытындылайық.

Үздік қақпашы – Александр Коваль («Құлагер»)

Петропавлдықтар қарашаны екпіндетіп өткізіп, турнир кестесінің екінші қатарына шықты. Басты қаһармандардың бірі – мұзға шыққан бес ойынның бесеуінде де жеңіске жеткен, оның үстіне, барлығына негізгі уақытта жеткен Александр Коваль. Бәлкім, қақпашы статистика бойынша ең биік нәтиже көрсетпеген шығар (СК – 3,19, тойтарылған соққылар 90,91%), алайда оның өз командасының турнир кестесінде серпіліс жасауына қосқан үлесін атамау мүмкін емес.

Үздік қорғаушы – Әлім Айтқалиев («Алматы»)

Екінші ай қатарынан «Ай қорғаушысы» атағын Әлім Айтқалиев алып келе жатыр. «Алматы» өкілі тағы да кезекті кезеңді екпіндетіп өткізіп, +6 пайдалылық көрсеткішімен 10 матчта 19 (5+14) балл жинады. Қараша айында Әлім жеті кездесуде ұпай жинады, олардың төртеуінде ол үшеуден артық балл жинады. Дәл қазір Айтқалиев қорғаныстағы ең нәтижелі ойыншы атанып, Parimatch-Jastar Hokei Ligasy үздік бомбардирлері тізімінен үшінші орынды иеленіп отыр.

Үздік шабуылшы – Тамерлан Бейсембиев («Арлан»)

Қарашада «Арланның» форварды алдыңғы екі айды қоса алғандағыдан артық ұпай жинады. Өз көшбасшысының нәтижелі ойынының арқасында көкшетаулықтар плей-офф жолындағы жорықтан шығып қалмай келе жатыр. Бейсембиев қарашадағы сегіз кездесудің жетеуінде нәтижелі ойынымен көзге түсті. Осы кезең ішінде +7 пайдалылық көрсеткішімен 21 (8+13) балл жинады. Ерекше атап өтетін жайт, ол салған 3 шайба командаға жеңіс сыйлады.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.