Барыс-Жастың Өскемендегі қарымтасы, Құлагер Көкшетаудан төрт балмен қайтты

5 jeltoqsan
1379

Дүйсенбі күні Parimatch-Jastar Hokei Ligasy аясында екі жекпе-жек өтті.

«Барыс-Жас» «Торпедодан» еш қиналмастан қарымта қайтарды. Өскемендіктердің бүгін шабуылы шабандау болды, ал елордалық ұжым барлық сәттерін ұтымды пайдаланды. Амир Гафуров дубль жасады. Тимур Ержеповтің командасы кестенің соңғы орындарының біріне жайғасты, алайда плей-офф аймағымен алшақтықты төрт балға дейін қысқартты.

«Торпедо» - «Барыс-Жас» 1:6 (0:4, 1:2, 0:0)

0:1 - 03:44 - Оразбаев (Саркенов, Зияш)

0:2 - 09:30 - Трифонов (Болгов, Мейрман)

0:3 - 14:56 - Гафуров (Алибек, Зияш)

0:4 - 19:52 - Мейрман

0:5 - 34:57 - Гафуров (Потапов)

0:6 - 37:06 - Саркенов (Алибек, Оразбаев)

1:6 - 38:55 - Астраханцев (Дьяченко) ГМ

Қақпашылар: Эрштейн (Пыленок, 14:56-60:00) - Толеубай

«Құлагер» өзінің жеңістер сериясын жалғастырып келеді. Бүгін петропавлдықтар «Арланды» жеңіп, чемпионат көшбасшысы «Ақтөбеге» жақындады. Енді қос команда арасын бір ғана балл бөліп тұр. Данила Пиниди екі дөп соққыны өз есебіне жазды. Қонақтардың қақпашысы Александр Коваль қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Құлагер» 2:5 (1:2, 0:2, 1:1)

0:1 - 03:18 - Кузьмин (Шарикпаев, Варламов)

0:2 - 09:35 - Анисимов (Заруцкий)

1:2 - 13:52 - Аипов (Елагин, Толуспаев)

1:3 - 21:41 - Заруцкий (Анисимов, Серик)

1:4 - 26:34 - Пиниди

2:4 - 48:04 - Тусупбеков (Елагин, Емельянов) ГБ

2:5 - 58:52 - Пиниди (Коваль) ПВ

Қақпашылар: Дударкиев - Коваль

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.