Жас Батырдың құрғақ жеңісі, Оралдағы буллиттер

7 jeltoqsan
1385

Хоккейден жастар арасындағы ел чемпионатында үш кездесу өтті.

«Барыс» «Мұнайшыны» оп-оңай жеңді. Елордалық ұжым ойын барысын өз бақылауында ұстады, бұл сенімді жеңіске жетіп қана қоймай, маусымдағы 100 шайбадан асыра салған ұжым атануға мүмкіндік берді. Егор Смольянинов дубль жасады, қонақтардың қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 19 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Барыс» 1:6 (0:2, 1:3, 0:1)

0:1 - 14:52 - Амырканов (Кошевник, Надейкин)

0:2 - 19:08 - Кошевник (Надейкин, Амырканов)

0:3 - 23:08 - Леута (Сапарбек, Мигунов) ГБ

0:4 - 24:06 - Гросс (Корчагин)

0:5 - 34:20 - Смольянинов

1:5 - 36:35 - Гулый

1:6 - 50:41 - Смольянинов (Русланулы, Кисель)

Қақпашылар: Фриауф - Истомин

«Горняк» «Жас Батырдың» қақпасын ала алмады. Атыраулықтар қорғаныста мығым ойнап, бірнеше сәтті ұтымды пайдалана білді. Екі дөп соққы Абдельмансур Алдамжаровтың есебінде. Осы жетістігінен кейін «Жас Батыр» үздіктер үштігі жолындағы тартысын жалғастыруда.

«Жас Батыр» - «Горняк» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 06:40 - Баранов (Харченко)

2:0 - 16:43 - Алдамжаров (Харченко, Баранов)

3:0 - 25:26 - Жабунин (Телгожаев, Медведков)

4:0 - 38:39 - Харченко (Алдамжаров, Трибунский)

5:0 - 55:40 - Алдамжаров

Қақпашылар: Фанайлов - Пахоленко

Батыстық ұжымдар текетіресінде ойын буллиттер сериясына жетті. Бұл кезеңде «Ақтөбе» өкілдері дәлірек көздеді. Шешуші соққы Максим Мозжеринге тиесілі. Осы жетістігінің арқасында қонақтар Лиганың турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қала білді.

«Ястребы» - «Ақтөбе» 3:4 Б (0:0, 1:2, 2:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 23:49 - Поленов

1:1 - 36:02 - Сауриков (Буланов, Киселев) ГБ

1:2 - 37:04 - Калиниченко (Пономарёв, Мозжерин) ГМ

1:3 - 52:37 - Комиссаров (Мозжерин, Пономарёв) ГБ

2:3 - 53:06 - Акпирганов (Қамиден, Рахимов)

3:3 - 56:17 - Терещенко ГБ

3:4 - 65:00 - Мозжерин ПБ

Қақпашылар: Какенов - Костюков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.