Қазақстан жастар чемпионатында бейсенбіге төрт жекпе-жек жоспарланған.
«Алматы» тартысты матчта «Барыс-Жастың» арынын басты. Жеңімпаздар құрамынан Максим Бауэр дубль жасады. Оңтүстікастаналық ұжым соңғы төрт кездесудің үшеуін жеңіп, өзін плей-офф аймағында сенімді сезініп қалды.
«Алматы» - «Барыс-Жас» 4:3 (1:1, 3:1, 0:1)
0:1 - 04:47 - Гафуров
1:1 - 15:46 - Зяблов (Кайрат, Неумывакин)
2:1 - 28:59 - Бауэр (Кайрат, Айткалиев)
3:1 - 31:56 - Бауэр ГМ
4:1 - 35:55 - Неумывакин (Айткалиев, Зяблов)
4:2 - 37:52 - Кажибеков
4:3 - 51:29 - Трегубов (Мейрман)
Қақпашылар: Рудковский – Толеубай (Лаюров, 31:56-60:00)
«Барыс» Павлодарда төрт балл жинап, үздіктер үштігіндегі орнын сақтап қалды. Бірінші кезеңде-ақ елордалық команда қарсыласты үш рет састырып, есеп айырмашылығын финалдық ысқырыққа дейін сақтап қалды.
«Мұнайшы» - «Барыс» 4:7 (0:3, 2:0, 2:4)
0:1 - 03:37 - Кисель (Лукавенко, Русланулы) ГМ
0:2 - 10:33 - Мигунов (Леута) ГБ
0:3 - 14:11 - Амырканов (Леута, Надейкин)
1:3 - 23:47 - Семенов (Тагамбаев, Гулый)
2:3 - 38:00 - Семенов (Гулый, Тагамбаев)
2:4 - 40:47 - Русланулы (Манаш)
3:4 - 48:51 - Анцельм (Семенов, Гулый) ГБ
3:5 - 52:52 - Левковец (Корчагин)
3:6 - 54:50 - Мигунов (Шимин, Канкин)
4:6 - 55:53 - Гулый (Тагамбаев) ГБ
4:7 - 59:11 - Кисель (Манаш, Русланулы) ГБ
Қақпашылар: Костоев – Никитин
«Астана» «Құлагердің» 12 матчқа созылған жеңіс шеруін үзді. Петропавлдықтар ойынды үшінші кезеңнің аяқталуына 29 секунд қалғанда овертаймға айналдырды. Алайда қосымша бес минутта «елордалықтар» дегенмен екі балл иеленді. Шешуші соққының авторы – Темирлан Китаров. Алаң иелері құрамынан дубльді Әділ Бейсембаев салды.
«Астана» - «Құлагер» 6:5 ОТ (1:1, 1:2, 3:2, 1:0)
1:0 - 16:00 - Бейсембаев
1:1 - 19:09 - Сергушкин (Варламов, Вышегородцев) ГМ
1:2 - 22:52 - Заруцкий (Белов, Анисимов)
2:2 - 31:27 - Амангалиев (Захаров, Шукелов)
2:3 - 37:08 - Заруцкий (Сергушкин)
3:3 - 43:07 - Бекеев (Китаров)
4:3 - 45:27 - Бейсембаев (Аманжолов)
4:4 - 53:03 - Сергушкин
5:4 - 54:08 - Сулейменов (Оразов, Китаров)
5:5 - 59:31 - Харисов (Букарь, Варламов) ГБ
6:5 - 64:10 - Китаров (Оразов)
Қақпашылар: Кудимов – Коваль
«Ястребы» «Ақтөбеге» тағы да төтеп бере алмады. Чемпионат көшбасшысы кездесудің соңында екі нәтижелі шбауыл ұйымдастырып, кезекті екі балын жинады. Екі дөп соққы Елисей Комиссаровтың қоржынында.
«Ястребы» - «Ақтөбе» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)
0:1 - 17:36 - Комиссаров
0:2 - 36:17 - Комиссаров (Мозжерин, Пономарёв) ГБ
1:2 - 46:50 - Шелехов
2:2 - 52:46 - Акпирганов (Рахимов)
2:3 - 55:17 - Калиниченко (Поленов) ГБ
2:4 - 55:49 - Коев (Эрфурт)
Қақпашылар: Какенов - Раков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.