Jastar Ligasy-ның ойын күніндегі жалғыз кездесуде «Торпедо» жеңісті «Арланнан» жұлып әкетті.
«Арланмен» кездесудің ортасына қарай өскемендіктер үш шайба айырмашылығымен алда келе жатқан. Алайда әрі қарай көкшетаулықтар барын салып, тез арада қуып жетті. Әйтсе де, бұл күні жеңіс «Торпедоға» бұйырды. Команданы үшінші кезең аяқталуға таяғанда Иван Подшивалов салған шайба құтқарып қалды.
"Торпедо" – "Арлан" 4:3 (1:0, 2:2, 1:1)
1:0 – 13:44 – Дьяченко (Маслеников)
2:0 – 22:45 – Плотников (Джунусов)
3:0 – 23:48 – Омельковец (Панченко, Астафьев)
3:1 – 29:42 – Гафаров (Дурницын, Гильфанов)
3:2 – 33:51 – Ивахник (Дурницын, Гафаров)
3:3 – 42:15 – Цихоцкий (Медведенко)
4:3 – 55:55 – Подшивалов (Алдабергенов)
Қақпашыла: Осокин – Чепец