Барыс екінші орынға шықты, нәтижелі Ястребы

11 jeltoqsan
1389

Жексенбі күнге Қазақстан жастар чемпионатында төрт кездесу жоспарланған.

Өскеменде «Барыс» «Торпедоның» арынын басты. Бұл ойында үшінші кезең шешуші болып, елордалық ұжым алдымен Асанәлі Русланұлы салған голдың арқасында алға шықты, кейін Егор Смольянинов түбегейлі есепті орнатты. Қонақтардың қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 31 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Барыс» 1:3 (0:1, 1:0, 0:2)

0:1 - 19:10 - Кисель (Смольянинов)

1:1 - 32:27 - Тютюньков (Базанов)

1:2 - 55:30 - Русланулы (Кошевник) ГБ

1:3 - 59:53 - Смольянинов ПВ

Қақпашылар: Эрштейн – Истомин

«Мұнайшы» маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгін павлодарлықтар «Қыраннан» басым түсті. Алаң иелері шешуші серпілісті екінші кезеңде жасады. Жеңіс шайбасының авторы – Тимур Абенов. «Мұнайшы» қақпашысы Данил Фриауф қақпаға бағытталған 41 соққыға тойтарыс берді.

«Мұнайшы» - «Қыран» 2:1 (0:0, 2:0, 0:1)

1:0 - 22:07 - Гулый (Семенов) ГБ

2:0 - 26:16 - Абенов (Чигаев, Пидяшов)

2:1 - 56:13 - Белоус (Симонов)

Қақпашылар: Фриауф – Селивёрстов

«Ястребы» өз алаңында «Горнякты» ойсырата жеңді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша алаң иелері ірі жеңіске жетеді деген ой ешкімнің қаперіне кіріп-шықпады. Алайда рудныйлықтар үшінші кезеңге шаршап жетті. Ал оралдықтар асқан жылдамдықпен төрт минут ішінде жеті нәтижелі соққы жасап үлгерді.

«Ястребы» - «Горняк» 12:3 (1:1, 3:1, 8:1)

0:1 - 13:36 - Утебаев

1:1 - 16:45 - Шелехов (Сауриков)

1:2 - 20:54 - Кемайкин (Ишин, Буб)

2:2 - 32:45 - Терещенко (Бастаногов) ГБ

3:2 - 36:07 - Быканов (Джунусов)

4:2 - 37:00 - Киселев (Васильев)

5:2 - 44:07 - Шелехов (Терещенко, Сауриков)

6:2 - 44:32 - Буланов (Киселев, Куминов)

7:2 - 45:25 - Кладов (Смелов)

8:2 - 46:00 - Акпирганов (Шелехов, Терещенко)

9:2 - 46:10 - Буланов (Киселев)

10:2 - 47:28 - Терещенко

11:2 - 48:26 - Трегубов

11:3 - 55:38 - Стенников (Утебаев)

12:3 - 56:20 - Шелехов

Қақпашылар: Какенов – Пахоленко (Франчук, 46:10-48:26)

Батыстық екі ұжымның текетіресінде «Ақтөбе» өкілдері дәлірек көздеді. Қонақтар Лиганың турнир кестесінде аралық көшбасшылықты сақтап келеді. Жеңіс шайбасының авторы – Николай Коев. «Ақтөбе» қақпашысы өз командасына 26 сейвпен көмектесті.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 1:3 (1:2, 0:1, 0:0)

1:0 - 04:02 - Жабунин (Медведков)

1:1 - 14:57 - Калиниченко (Тюлюнов, Зизевских) ГБ

1:2 - 18:16 - Коев

1:3 - 29:42 - Комиссаров (Пономарёв, Шайкенов) ГБ

Қақпашылар: Ваганян – Костюков 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.