Барыс жүйесіндегі командалардың жеңілісі, Астана сегіздікке бекіді

12 jeltoqsan
1556

Қазақстан жастар чемпионатында дүйсенбі оқиғаларға толы болмақ.

«Құлагер» соңғы секундтарда жеңісті «Барыс-Жастан» жұлып әкетті. Чемпионаттың ең жас ұжымы көшбасшылардың біріне соққыны боратты. Алайда соңында петропавлдықтар өз дегеніне жетті. Шешуші шайба Артур Харисовтің есебінде.

«Барыс-Жас» - «Құлагер» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

0:1 - 33:10 - Сергушкин (Белов, Варламов)

1:1 - 38:35 - Алибек

1:2 - 59:38 - Харисов (Кузьмин, Пиниди) ГБ

Қақпашылар: Толеубай - Осипов

«Барыс» маусымдағы жетінші жеңілісіне ұшырады. Бүгін Сергей Старыгиннің ойыншылары «Торпедоға» қарсы ойында балл жинай алмады. Кездесу қаһармандарының бірі екінші кезеңде дубль жасаған өскемендіктердің шабуылшысы Диас Тютюньков болды. Алаң иелері үздіктер бестігіне ену үшін жорықты жалғастыруда.

«Торпедо» - «Барыс» 3:2 (1:1, 2:0, 0:1)

0:1 - 13:58 - Кошевник (Сапарбек, Надейкин) ГБ

1:1 - 15:09 - Киселёв (Первутинский)

2:1 - 29:58 - Тютюньков (Стальмаков)

3:1 - 39:44 - Тютюньков (Базанов)

3:2 - 57:08 - Гросс (Левковец)

Қақпашылар: Эрштейн - Никитин

«Астана» «Арланмен» нәтижелі текетіресте екі балл жинады. Кездесудің соңында көкшетаулықтар есеп айырмашылығын елеулі азайтып, сенсация жасай жаздады. Алайда қонақтардың одан әріге уақыты жетпеді. Жеңіс шайбасының авторы – Әділ Аманжолов. Өз командасының үш нәтижелі шабуылына Темірлан Қитаров қатысты.

«Астана» - «Арлан» 6:4 (2:1, 2:0, 2:3)

1:0 - 01:11 - Китаров (Бондарев, Бекеев)

2:0 - 15:28 - Бондарев (Сатемиров, Китаров)

2:1 - 18:24 - Бейсембиев (Кентаев, Кощеев)

3:1 - 33:48 - Бекеев (Китаров)

4:1 - 21:07 - Оразов ГБ

5:1 - 42:59 - Аманжолов

5:2 - 52:00 - Елагин (Ливеринов)

6:2 - 55:32 - Амангалиев (Квартников)

6:3 - 59:30 - Толуспаев (Кабдуали)

6:4 - 59:38 - Кабдуали (Толуспаев, Елагин)

Қақпашылар: Кудимов (Байдек, 55:32-60:00) – Дударкиев (Терехов, 55:32-60:00)

«Қыран» «Мұнайшыдан» қарымта қайтарды, алайда бұған қолы тек овертаймда жетті. Кездесудің басты қаһарманы – қарағандылықтардың форварды Виталий Божко. Қонақтар плей-офф аймағынан алшақтықты үш ұпайға дейін азайтты.

«Мұнайшы» - «Қыран» 2:3 ОТ (0:0, 0:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 20:37 - Божко (Двуреченский) ГМ

1:1 - 42:17 - Чигаев (Пидяшов)

1:2 - 52:24 - Божко (Двуреченский, Степанов)

2:2 - 59:21 - Тагамбаев (Чигаев, Гулый)

2:3 - 63:19 - Божко (Двуреченский)

Қақпашылар: Фриауф - Дубович

Екі батыстық ұжымның екінші жекпе-жегінде «Жас Батыр» сенімді түрде қарымта қайтарды. Бұл ретте «Ақтөбе» ойыншылары қарсыластың қақпасын ала алмады. Жеңімпаздар құрамынан Артём Масленников дубль жасады. Атыраулықтардың қақпашысы Григорий Ваганян қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді.

«Жас Батыр» - «Ақтөбе» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 04:28 - Масленников (Симеониди, Баранов)

2:0 - 22:58 - Масленников (Назыров, Баранов)

3:0 - 27:35 - Баранов (Масленников, Симеониди) ГБ

4:0 - 59:29 - Алдамжаров (Хальзев, Харченко)

Қақпашылар: Ваганян - Костюков

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.