Пархоменконың покері Горнякқа оныншы жеңісті сыйлады, Ақтөбе қайтадан көш бастады

23 jeltoqsan
1632

Жұма күні хоккейден Қазақстан чемпионатында бес матч өтті.

Ойын күнінің ең нәтижелі және қызықты матчы Рудныйда өтті. «Горняк» пен «Торпедо» арасындағы «атыста» алаң иелері дәлірек көздеп, биылғы маусымдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Рудныйлықтар құрамынан Дмитрий Пархоменко көзге түсті. Қонақтардан дубль Сергей Стальмаковтың есебінде.

«Горняк» - «Торпедо» 7:6 (2:4, 3:2, 2:0)

1:0 - 05:07 - Пархоменко (Утебаев, Буб)

1:1 - 07:43 - Стальмаков (Хан, Астраханцев) ГБ

2:1 - 08:59 - Утебаев (Пархоменко)

2:2 - 10:40 - Ефремов (Омельковец, Мерзликин)

2:3 - 14:09 - Омельковец (Ефремов, Беляков) ГБ

2:4 - 16:27 - Стальмаков ГМ

3:4 - 20:48 - Буб

3:5 - 23:00 - Дьяченко (Стальмаков, Хан) ГБ

4:5 - 31:27 - Пархоменко (Буб)

5:5 - 37:52 - Пархоменко (Ишин)

5:6 - 39:42 - Рысбеков

6:6 - 50:07 - Пархоменко (Утебаев, Буб)

7:6 - 51:57 - Кемайкин (Лопухов)

Қақпашылар: Раков - Эрштейн (Пыленок, 31:27-60:00)

«Қыран» «Ястребы» командасымен екінші кездесуде екі рет артық құрам ұйымдастырып, сенімді түрде қарымта қайтарды. Қарағандылықтардың форварды Виталий Божко тамаша ойын көрсетті: өзі екі шайба салып, екі рет командаластарына пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Никита Селивёрстов қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.

«Қыран» - «Ястребы» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 32:35 - Глушенков (Божко)

2:0 - 36:16 - Божко (Глушенков, Денисов) ГБ

2:1 - 50:41 - Шелехов (Васильев, Акпирганов) ГБ

3:1 - 56:06 - Божко (Сторчай) ГБ

4:1 - 58:20 - Белоус (Божко, Глушенков)

Қақпашылар: Селивёрстов - Какенов

«Барыс» «Жас Батырды» екінші рет жеңе алмады және турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайта алмады. Атыраулықтар бүгін қақпаны дәлірек көздеп, біршама тер төгіп, жеңіске жетті. Дубльдің авторы – Андрей Медведков. Алаң иелерінен дәл осындай нәтижеге Даниил Надейкин жетті. Қонақтар «Ястребы» командасының осалдығын пайдаланып, төртінші орынға оралды.

«Барыс» - «Жас Батыр» 3:4 (0:1, 2:2, 1:1)

0:1 - 05:59 - Жабунин (Трибунский, Фокин)

0:2 - 23:57 - Назыров (Фокин, Медведков) ГБ

1:2 - 31:58 - Абдулла (Надейкин)

2:2 - 35:12 - Надейкин (Абдулла, Лукавенко)

2:2 - 37:07 - Жабунин ШБ

2:3 - 39:05 - Медведков (Жабунин)

2:4 - 42:30 - Медведков (Баранов)

3:4 - 59:45 - Надейкин (Левковец, Леута)

Қақпашылар: Никитин - Ваганян

«Ақтөбе» «Алматыны» ойсырата жеңіп, Parimatch-Jastar Hokei Ligasy-ның аралық көшбасшылығын қайтарды. Қонақтар есеп 8:0 болған кезде ғана құрғақ жеңілістен құтылды, алайда бұл сәтте кездесудің жеңімпазы кім атанатыны түсінікті болды. Бұл ойында алаң иелері қарсы қақпаға 62 соққы бағыттады. Ақтөбеліктердің үздік бомбардирі Николай Коев дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Алматы» 9:1 (5:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 02:27 - Пономарёв

2:0 - 03:42 - Курсакбаев (Комиссаров, Мозжерин)

3:0 - 06:26 - Мозжерин (Тимофеев)

4:0 - 11:06 - Плотников (Пономарёв, Калиниченко) ГБ

5:0 - 13:55 - Калиниченко (Плотников, Курсакбаев) ГБ

6:0 - 20:42 - Коев (Комиссаров)

7:0 - 34:49 - Ущев (Поленов)

7:1 - 44:26 - Фатыхов (Петров)

8:1 - 47:56 - Коев

9:1 - 52:38 - Цихоцкий (Коев, Тюлюнов)

Қақпашылар: Шарипов - Рудковский (Байдек, 03:42-20:00)

«Барыс-Жас» Көкшетауда қарымта қайтарды. «Арлан» есеп ашты, алайда әрі қарай шайбаларды елордалық команда өкілдері салды. Қарсыласты Нурислам Зияш екі рет састырды, қонақтардың қақпашысы Абылайхан Төлеубай қақпаға бағытталған 36 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Барыс-Жас» 1:4 (1:2, 0:1, 0:1)

1:0 - 04:17 - Бейсембиев (Галлямов, Артемьев)

1:1 - 07:40 - Зияш (Макаров)

1:2 - 19:18 - Зияш (Кажибеков, Манажанов) ГБ

1:3 - 23:14 - Демеу (Сагымбаев, Оразбаев)

1:4 - 58:17 - Кажибеков (Перкин) ПВ

Қақпашылар: Дударкиев - Толеубай

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.