Барыс пен Құлагер Ақтөбенің ізін қуып келеді. Желтоқсанның қорытындысы

28 jeltoqsan
555

Қазақстан жастар чемпионатының төртінші айын қорытындылайық.

«Ақтөбе» сәл-пәл екпінін басты, десе де чемпионаттың аралық көшбасшысы орнын босатқан жоқ. Батысқазақстандық ұжымның қоржынында 25 жеңіс және 51 балл бар. Бұл ретте команда – Лигадағы ең нәтижелі екі команданың бірі (142 гол).

«Барыс» пен «Құлагер» көшбасшыдан төрт балл артта қалып келе жатыр. Чемпионатта барлығынан ең аз шайба өткізген елордалық ұжымның бірінші қатарға шығуға мүмкіндігі болды, алайда айдың соңында Сергей Старыгиннің ойыншылары үйдегі екі матчта жеңіліп қалды. Тағы бір айтып өтетін жайт, петропавлдықтар «Барыс» пен «Ақтөбеге» қарағанда екі матч кем өткізді.

«Қыран», «Арлан», «Барыс-Жас», «Горняк» пен «Мұнайшы» кубоктік сегіздіктен тыс қалды. Қарағандылықтарды плей-офф аймағынан алты балл ажыратып тұр. Қалған командаларға да тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша сегіздікке ену үшін аянбай тер төгу қажет.

Кезеңнің ең нәтижелі текетіресі 11 желтоқсан күні Оралда өтті. «Ястребы» «Горнякты» 12:3 есебімен жеңді.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.