Медведковтің Алматыдағы хет-тригі, Ақтөбедегі буллиттер

8 qańtar
1359

Қазақстан жастар чемпионатында төрт матч өтті.

«Қыран» овертаймда «Арланнан» жеңісті жұлып әкетті. Бұл ретте қонақтар кездесу барысында екі шайба артта қалып келе жатты. Алайда соңғы кезеңде көкшетаулықтар 23 соққы жасаған қарсыластың тегеурініне төтеп бере алмады. Қарағандылықтарға Данил Глушенковтың дөп соққысы жеңіс әкелді.

«Арлан» - «Қыран» 2:3 ОТ (1:0, 1:0, 0:2, 0:1)

1:0 - 14:39 - Бейсембиев (Кабатаев, Тусупбеков)

2:0 - 25:31 - Мажикенов (Аипов, Перминов)

2:1 - 53:31 - Соколов (Симонов, Алламов)

2:2 - 54:41 - Степанов (Глушенков, Божко)

2:3 - 63:57 - Глушенков (Денисов, Божко)

Қақпашылар: Дударкиев - Селивёрстов

«Барыс-Жас» маусымдағы ең ірі жеңіске қол жеткізді. Елордалық ұжым рудныйлық қарсыласты ірі есеппен жеңіп кетті. Бірінші кезеңнен кейін ешкім мұндай ойын болады деп күтпеген еді. Алайда екінші кезеңде «Горняк» ойын өрнегін жоғалтты. Абзал Әлібек (2+2) өз командасының төрт нәтижелі шабуылына қатысты.

«Барыс-Жас» - «Горняк» 11:1 (1:0, 4:0, 6:1)

1:0 - 17:40 - Трегубов (Мейрман)

2:0 - 27:12 - Мейрман (Демеу, Манажанов)

3:0 - 33:07 - Алибек (Оразбаев)

4:0 - 33:27 - Кажибеков

5:0 - 33:58 - Мейрман (Манажанов, Трегубов)

6:0 - 40:18 - Саркенов (Шипилин, Алибек)

7:0 - 41:01 - Гафуров (Перкин, Кажибеков)

7:1 - 43:48 - Китанин (Стенников, Слепухин)

8:1 - 44:46 - Саркенов (Алибек)

9:1 - 56:56 - Болгов (Кайсар, Сагымбаев)

10:1 - 58:30 - Алибек

11:1 - 59:01 - Сагымбаев (Перкин, Гафуров)

Қақпашылар: Толеубай (Лаюров, 40:00-60:00) - Пахоленко (Раков, 33:58-60:00)

«Алматы» мен «Жас Батыр» оңтүстікастаналық жұртшылықты голға қарық етіп, 14 шайба салынды. Бұл ойында атыраулық хоккейшілер дәлірек көздеп, екінші кезеңнің басында-ақ үстемдік орнатты. Андрей Медведков хет-трик жасады, нәтижелілігі үшін Владислав Жабунин мен Илья Харченко төрт балдан салды. Алаң иелерінен Батыр Марқабаев төрт рет пас берді.

«Алматы» - «Жас Батыр» 5:9 (0:2, 3:5, 2:2)

0:1 - 02:05 - Трибунский (Алдамжаров, Хальзев)

0:2 - 14:34 - Фокин (Баранов)

0:3 - 24:12 - Харченко (Трибунский) ГБ

0:4 - 25:19 - Харченко (Алдамжаров)

1:4 - 26:58 - Крицин (Маркабаев, Петров) ГБ

1:5 - 29:55 - Медведков (Трибунский, Жабунин) ГБ

1:6 - 33:31 - Медведков (Жабунин, Телгожаев)

2:6 - 35:13 - Айткалиев (Маркабаев)

2:7 - 36:43 - Пименов (Хальзев, Алдамжаров)

3:7 - 38:14 - Филимонов (Выговский, Игушкин)

4:7 - 45:20 - Айткалиев (Неумывакин, Маркабаев)

5:7 - 52:41 - Айткалиев (Маркабаев)

5:8 - 53:41 - Медведков (Харченко, Жабунин) ГБ

5:9 - 56:29 - Жабунин (Харченко)

Қақпашылар: Байдек (Рудковский, 25:19-60:00) - Ваганян

Ойын күнінің негізгі матчында «Ақтөбе» мен «Барыс» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Мұнда астаналық хоккейшілер дәлірек көздеп, чемпионат көшбасшысын сегізінші жеңілісіне ұшыратты. Шешуші соққының авторы – Асанали Русланұлы. Елордалық команда қақпашысы Владимир Истомин қақпаға бағытталған 32 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Барыс» 1:2 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0, 0:1)

1:0 - 05:24 - Коев (Шпак)

1:1 - 37:50 - Корчагин (Левковец, Диде)

1:2 - 65:00 - Русланулы

Қақпашылар: Костюков - Истомин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.