Ақтөбе елордадан ұпайсыз қайтты, Астана Ястребы командасын ойсырата жеңді

18 qańtar
740

Қазақстан жастар чемпионатында екі матч өтті.

Чемпионат көшбасшыларының тартысында «Барыс» тағы да «Ақтөбеден» басым түсті. Бір қызығы, кездесу дәл кешегідей есеппен аяқталды. Ал алаң иелері үш түрлі ойын жағдайында гол салды. Жеңіс шайбасының авторы – Артур Гросс. Қақпашы Владимир Никитин қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді. Осы матчтан кейін үздіктер үштігіндегі командалар бірдей балға ие болды. Екі жеңіліске қарамастан, «Ақтөбе» әзірге бірінші орында тұр.

«Барыс» - «Ақтөбе» 4:1 (2:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 05:22 - Смольянинов ГМ

2:0 - 14:50 - Гросс

2:1 - 27:40 - Цихоцкий (Коев, Курсакбаев) ГБ

3:1 - 34:49 - Надейкин (Леута)

4:1 - 44:21 - Левковец (Лукавенко, Корчагин) ГБ

Қақпашылар: Никитин - Шарипов

«Астана» мен «Ястребы» командаларының алғашқы кездесуі күтпеген есеппен аяқталды. «Ястребы» өз ойын өрнегін таппай, ойсырай жеңілді. «Елордалықтар» бірінші кезеңде-ақ жайлы есеп айырмашылығын орнатып, әрі қарай сенімді түрде жеңіске жетті. Қарсыласты үш реттен Әлихан Жұмабай мен Филипп Папшев састырды, командаластарына бес рет Игорь Кисель пас берді.

«Астана» - «Ястребы» 9:1 (4:0, 1:0, 4:1)

1:0 - 07:01 - Жумабай (Шегебаев, Кисель)

2:0 - 11:36 - Папшев (Китаров, Оразов)

3:0 - 14:59 - Китаров (Папшев, Бейсембаев)

4:0 - 16:46 - Жумабай (Контуганов, Кисель)

5:0 - 38:50 - Папшев (Оразов, Кисель) ГБ

6:0 - 46:37 - Аманжолов (Бекеев, Бондарев)

7:0 - 47:44 - Папшев (Жумабай, Кисель)

7:1 - 50:49 - Сауриков (Бастаногов, Киселев) ГБ

8:1 - 56:44 - Жумабай (Кисель) ГМ

9:1 - 59:47 - Бекеев (Бондарев, Аманжолов)

Қақпашылар: Кудимов - Какенов (Яковенко, 47:44-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.