Ястребы тағы да Горняктан басым түсті, Қыран елордада қарымта қайтарды. 8 желтоқсандағы матчтарға шолу

8 jeltoqsan
1193

«Горняк» «Ястребы» командасына соққылар берді, алайда ұпай жинай алмады. «Қыран» «Барыс-Жаспен» матчтың үшінші кезеңінің соңғы минутында жеңілістен кетіп, жеңісті овертаймда жұлып әкетті.

«Горняк» пен «Ястребы» арасындағы екінші матчтың негізгі жайттары бірінші кезеңде-ақ орын алды. Оралдық ұжым соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, екінші орында келе жатқан «Барысқа» өкшелеп жетті.

"Горняк" – "Ястребы" 1:2 (1:2, 0:0, 0:0)

0:1 – 08:08 – Ницевич (Медведев)

1:1 – 12:21 – Утебаев (Волобуев)

1:2 – 17:38 – Медведев

Қақпашылар: Фанайлов – Фриауф

«Барыс-Жас» пен «Қыранның» екінші матчында командаларға жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жетпей қалды. Нәтижесінде қарағандылықтар овертайм аяқталуға он секунд қалғанда жеңісті жұлып әкетті. «Қыранның» шабуылшысы Даниил Терехов өз командасы салған төрт шайбаның барлығында нәтижелі қимылдады.

"Барыс-Жас" – "Ястребы" 3:4 (0:1, 2:1, 1:1, 0:1)

0:1 – 15:09 – Терехов (Свитальский)

1:1 – 24:15 – Поленов (Фокин, Тюлюнов) ГМ

1:2 – 25:33 – Терехов (Свитальский, Степанов)

2:2 – 26:01 – Кайрат (Актаев)

3:2 – 55:43 – Фокин (Бейсембиев)

3:3 – 59:00 – Белоус (Денисов, Терехов)

3:4 – 64:50 – Свинтальский (Денисов, Терехов)

Қақпашылар: Амирбеков – Коваль Аль.