Барыс пен Құлагер бірінші орын үшін жорықты жалғастырады

2 aqpan
639

Қазақстан жастар чемпионаты төрт кездесумен жалғасады.

«Қыран» «Торпедодан» қарымта қайтарды. Алаң иелері үшін Виталий Божконың үшінші кезеңнің аяқталуына алты минут қалғанда салған соққысы жеңіс әкелді. Максим Дубович 24 соққыға тойтарыс берді. Қарағандылықтар сегізінші орындағы «Алматыны» өкшелеп қуып келеді.

«Қыран» - «Торпедо» 2:1 (0:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 19:42 - Базанов (Астраханцев) ГМ

1:1 - 34:14 - Еськов (Сторчай)

2:1 - 54:00 - Божко (Степанов)

Қақпашылар: Дубович - Эрштейн

Екі елордалық ұжымның текетіресінде тағы да «Барыс» басым түсті. Сергей Старыгиннің ойыншылары бірінші кезеңде-ақ жеңіске қажет үстемдік орнатты. Кирилл Ляпунов дубль жасады, Владимир Никитин қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс» - «Астана» 6:4 (3:1, 1:2, 2:1)

0:1 - 01:58 - Папшев

1:1 - 02:21 - Амырканов (Шимин)

2:1 - 15:44 - Ляпунов (Жусупбеков, Русланулы) ГБ

3:1 - 16:08 - Ситников (Большедворский)

3:2 - 24:23 - Бейсембаев ГМ

3:3 - 30:01 - Бондарев (Бекеев, Чумак)

4:3 - 36:46 - Ляпунов (Симонов, Жусупбеков) ГБ

4:4 - 42:01 - Оразов (Захаров)

5:4 - 50:34 - Симонов (Русланулы, Решетько)

6:4 - 51:02 - Мигунов (Ситников, Большедворский)

Қақпашылар: Никитин - Кудимов

«Алматы» есеп 0:2 болып тұрған жерінен есе қайтарып, Көкшетауда екінші жеңісіне қол жеткізді. Осының арқасында оңтүстікастаналық ұжым чемпионатта сегізінші қатарға тұрақтады. Бүгін кездесу овертаймда аяқталды, қонақтарға жеңісті Никита Игушкиннің орындауындағы гол сыйлады.

«Арлан» - «Алматы» 2:3 ОТ (0:0, 2:1, 0:1, 0:1)

1:0 - 30:29 - Кабатаев ГМ

2:0 - 32:12 - Аипов (Артемьев)

2:1 - 35:47 - Петров (Выговский, Игушкин)

2:2 - 57:22 - Кайрат (Неумывакин)

2:3 - 62:38 - Игушкин (Кенесбай)

Қақпашылар: Чепец - Колесников

«Құлагер» тағы да «Горнякты» жеңіп кетті. Петропавлдықтар кездесудің соңына шаршамай жетіп, кезекті екі балды қоржынға салды. Бұл ретте алаң иелері қарсы қақпаға 59 соққы бағыттады. Екі шайбаны өз есебіне Данила Букарь жазды. Ильгиз Нуриевтің ойыншылары тұрақты чемпионаттағы жеңіс үшін жорықты жалғастыруда.

«Құлагер» - «Горняк» 5:3 (2:2, 1:1, 2:0)

1:0 - 01:52 - Букарь

1:1 - 04:55 - Пархоменко (Сертаев)

1:2 - 11:51 - Пархоменко (Слепухин, Петров)

2:2 - 16:15 - Горбань (Ербатыров, Сергушкин) ГБ

3:2 - 30:15 - Букарь (Махамадеев, Пиниди)

3:3 - 36:59 - Кемайкин (Сертаев)

4:3 - 42:37 - Пиниди

5:3 - 58:33 - Кузьмин (Пиниди)

Қақпашылар: Осипов - Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.