Астана плей-оффта, Жас Батырдың 200 шайбасы, Ақтөбе бірінші орында

11 aqpan
697

Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасады.

«Торпедо» «Барыс-Жасты» сенімді түрде жеңді. Екі кезең бойы елордалық ұжым қарсыластың шабуылына төтеп берді, алайда үшінші кезеңге алаң иелерінің күші жетпей қалды. Өскемендіктер төрт рет қақпа алып, екі балл иемденді. Диас Тютюньков (2+2) өз командасының төрт нәтижелі шабуылына қатысты.

«Барыс-Жас» - «Торпедо» 1:5 (0:1, 1:0, 0:4)

0:1 - 04:12 - Тютюньков Д. (Стальмаков)

1:1 - 28:17 - Мейрман (Манажанов, Зияш)

1:2 - 48:01 - Тютюньков Д. (Базанов)

1:3 - 50:09 - Рифель (Тютюньков Д., Стальмаков) ГБ

1:4 - 51:55 - Стальмаков (Тютюньков Д., Тютюньков Я.) ГБ

1:5 - 53:09 - Попов

Қақпашылар: Төлеубай - Осокин

«Қыран» елордада жеңіліске ұшырады. «Астана» бүгін қарсыласты ойсырата жеңіп қана қоймай, маусымдағы 200 шайбалық межені аттап, плей-оффқа жолдама да алды. Қарсыласқа екі шайбадан Әділ Бейсембаев, Жанболат Бекеев пен Игорь Кисел дарытты.

«Қыран» Parimatch-JastarHokeiLigasy командаларынан алғаш болып, тұрақты чемпионат бағдарламасын аяқтады және енді өзінің алматылық ізін қуушы командалардың қалған матчтарының қорытындысын күтуге мәжбүр.

«Астана» - «Қыран» 8:3 (2:2, 2:0, 4:1)

1:0 - 00:40 - Бейсембаев (Оразов)

1:1 - 07:49 - Белоус (Симонов, Глушенков) ГБ

2:1 - 08:56 - Бекеев (Аманжолов)

2:2 - 18:57 - Белоус (Соколов)

3:2 - 29:18 - Бейсембаев (Оразов, Папшев) ГБ

4:2 - 37:25 - Бекеев (Габдуллин, Кисель) ГБ

5:2 - 43:26 - Кисель (Контуганов, Шаяхметов)

6:2 - 44:10 - Кисель (Сагымбаев)

7:2 - 54:35 - Сагымбаев (Шаяхметов)

7:3 - 55:40 - Телегин (Симонов)

8:3 - 59:28 - Контуганов (Оразов) ПВ

Қақпашылар: Габдуллин - Селивёрстов (Зюзин, 54:35-58:37)

«Горняк» тартысты ойында «Жас Батырға» жол берді. Командалар үшінші кезеңде нағыз атыс ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша екі балды қарсыластың қақпасына 51 соққы жасаған атыраулықтар иемденді. Шешуші голдың авторы – Пантелей Симеониди. Қонақтар маусымдағы 200 шайбалық межені аттады және бүгінгі таңда «Жас Батыр» Лиганың ең нәтижелі ұжымы болып отыр.

«Горняк» - «Жас Батыр» 4:5 (0:1, 2:1, 2:3)

0:1 - 15:46 - Масленников (Корноушенко, Олихвер)

1:1 - 25:20 - Сертаев

1:2 - 29:24 - Сапарбек (Телгожаев, Жабунин) ГБ

2:2 - 37:14 - Буб (Ишин, Поскин)

2:3 - 41:53 - Корноушенко (Масленников)

2:4 - 52:18 - Баранов (Алдамжаров, Харченко)

3:4 - 55:40 - Китанин (Кемайкин, Волобуев)

3:5 - 57:05 - Симеониди (Жабунин)

4:5 - 57:55 - Китанин (Буб, Сертаев)

Қақпашылар: Раков - Прицкер

«Ақтөбе» «Ястребы» командасымен матчта екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, соның арқасында маңызды жеңіске қол жеткізді және чемпионаттың турнир кестесінде бірінші орынға оралды. Екі дөп соққы Николай Коевтің есебінде.

«Ақтөбе» - «Ястребы» 6:4 (2:2, 4:0, 0:2)

0:1 - 00:36 - Пидяшов (Чупин)

1:1 - 03:28 - Потапов (Тусупбеков)

1:2 - 09:09 - Шелехов (Сауриков, Акпирганов) ГБ

2:2 - 13:08 - Коев (Цихоцкий, Поленов)

3:2 - 28:26 - Мозжерин (Шайкенов)

4:2 - 30:56 - Коев (Курсакбаев) ГБ

5:2 - 31:53 - Афлитонов (Мозжерин) ГБ

6:2 - 33:08 - Тусупбеков (Гулый, Поленов) ГБ

6:3 - 45:48 - Пидяшов (Чупин)

6:4 - 48:20 - Камиден (Терещенко)

Қақпашылар: Костюков - Фриауф (Какенов, 33:08-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.