Қазақстан жастар чемпионатының соңғы ойын күнінің қорытындысы бойынша плей-оффтың бірінші раундының жұптары анықталды.
Қазіргі ел чемпионы «Барыс» (тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша 1-орын) ¼ финалда «Алматымен» (8) кездеседі. «Ақтөбе» (2) «Астанаға» (7) қарсы тұрады. Жартылай финалға тағы екі жолдама үшін «Құлагер» (3) мен «Торпедо» (6), сондай-ақ «Ястребы» (4) мен «Жас Батыр» (5) таласады. Бірінші раундтың барлық сериялары ұжымдардың бірінің үш жеңісіне дейін жүреді.
Айтып өтетін жайт, «Құлагер» өз тарихында алғаш рет плей-оффқа қатысқалы отыр. Ал «Жас Батыр» чемпионаттың шешуші раундына өзі құрылған алғашқы маусымда-ақ жолдама алды.
¼ финал матчтарының кестесі
1-2-турлар 5-6 марта, Жексенбі-Дүйсенбі
313-317 “BARYS” ХК – “ALMATY” ХК
314-318 “AQTOBE” ХК – “ASTANA” ХК
315-319 “QULAGER” ХК – ХК “TORPEDO” ХК
316-320 “YASTREBY” ХК – ХК “JAS BATYR” ХК
3-4-турлар 9-10 наурыз, Бейсенбі-Жұма
321-325 “ALMATY” ХК – “BARYS” ХК
322-326 “ASTANA” ХК – “AQTOBE” ХК
323-327 “TORPEDO” ХК – “QULAGER” ХК
324-328 “JAS BATYR” ХК – “YASTREBY” ХК
5-тур 13 наурыз, Дүйсенбі
329 “BARYS” ХК – “ALMATY” ХК
330 “AQTOBE” ХК – “ASTANA” ХК
331 “QULAGER” ХК – “TORPEDO” ХК
332 “YASTREBY” ХК – “JAS BATYR” ХК
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.