Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты ¼ финалының алдағы жұптары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырамыз.
«Барыс» (1*) – «Алматы» (8)
* Мұнда және әрі қарай – тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша орны
Жеңістер/ұпайлар: 36/76 – 22/50
Тұрақты чемпионатта салынған/өткізілген шайбалар: 221/109 – 143/195
Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Артём Кошевник (40 балл, 21+19) – Әлім Айтқалиев (55 балл, 20+35)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 6:1, 4:2, 5:4 Б, 3:4
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Глеб Лукавенко (5 балл, 2+3) – Әлім Айтқалиев (5 балл, 2+3)
«Барыс» пен «Алматының» маусымдық текетіресінде төрт кездесуде үш рет жеңіске жеткен елордалық ұжым алда келе жатты.
Олег Шулаевтың командасы плей-оффқа жолдамаға соңғы турда ғана қол жеткізді.
Плей-оффқа шыққан барлық командалар арасында «Алматы» тұрақты чемпионатта барлығынан азырақ шайба салды (143). Елордалық ұжым – Лигада нәтижелілік бойынша екінші команда (221).
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.