Виктор Буяльский: «Көшбасшылармен көптеген ойындар жақсы өтті»

2 naýryz
1068

«Қыранның» бас бапкері Виктор Буяльский клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында өткен тұрақты чемпионатты қорытындылады.

- Плей-оффқа өте алмадық, бізге ұпай жетпеді. Жігіттер соңына дейін жеткізбеген матчтар болды, бұл жөнінде маусым бойы айтылды. Оның үстіне, бізде құрам жасарды, 2006 жылы туылған жігіттер тартылды. «Барыс-Жас» командасынан басқа, біз лигада жас ойыншылар бойынша екінші орында шығармыз. Есесіне, жігіттер нығайды, тәжірибе жинады, және келесі маусымда біз плей-оффқа шығу бойынша алға қойылған міндетті орындаймыз деп үміттенеміз.

- Қандай да бір есте қалатын сәттер болды ма?

- Өскемендегі «Торпедоға» қарсы ойындағы жеңістер туралы айтуға болатын шығар. Сол кезде оларға ересектер чемпионатындағы басқаша деңгейде ойнап жүрген жігіттерді «түсірді». Сондай-ақ «Ақтөбе» мен «Барысқа» қарсы жеңістерді атап өткім келеді. Көшбасшылармен көптеген ойындар жақсы өтті, барын салды. Сәйкесінше, кестенің төменгі бөлігіндегі командалармен ұпайларды толық жинай алмадық. Сәл сәтсіздік болды.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.